Сыныбы: 4Сабақтың тақырыбы
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы
«Орындалған арман» (С. Көбеев)
Мақсаты
Әңгімені түсініктеме бере отырып оқыту, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің мәнін ашу, оқырмандық көзқарасты қалыптастыру.
Керекті жабдықтар
- Оқулық
- Постер, маркер
- Автордың суреті
- Интерактивті тақта
- Бағалау парақтары
Күтілетін нәтижелер
Оқушы орындай алады
- Сұрақтарға нақты жауап береді.
- Қиялдайды, өз арманын айқындайды.
- Мәтінді оқиды, түсіндіреді, топта талқылайды.
Бағалау және кері байланыс
- Сабақ бойынша не білетінін және нені білу керектігін кері байланыс парағына жазады.
- Сауалнама арқылы өзін-өзі бағалай алады.
Модульдер
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім оқушылармен амандасып, сыныпта жағымды атмосфера қалыптастырады және оқушыларды топқа бөледі.
Психологиялық сәт: оқушылардың көңіл күйін анықтау, қысқа сергіту арқылы сабаққа назарын шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын сұрау және бағалау
Алдыңғы тақырып
«Дүниеде жамандық неден?» — Ыбырай Алтынсарин
Талқылау: Ыбырай Алтынсарин туралы не білдік?
1-топ тапсырмалары
- Әңгімедегі кейіпкерлерді атайды.
- Әңгіме қалай басталғанын сипаттайды.
- Жылан мен Бұғы туралы бөлікті әңгімелейді.
2-топ тапсырмалары
- Кейіпкерлер қандай сұраққа жауап іздегенін анықтайды.
- Қарға мен көгершіннің әңгімесін баяндап береді.
Топтық жұмыс «Ақжүректің сөзімен» қорытындыланады.
Қорытынды сұрақ: Осы әңгімеден қандай ой түйдік?
3) Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың бойын жазып, назарын қайта шоғырландыру.