Саңырауқұлақтардың жануарларға тән белгілері
Сабақтың тақырыбы
«Саңырауқұлақтар» тарауын қорытындылау
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың білім деңгейін анықтау.
- Биология пәніне қызығушылықты арттыру.
- Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
- Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға және бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және ресурстар
- Сабақтың әдісі
- Сайыс сабақ
- Сабақтың типі
- Білімді тексеру, қорытындылау
- Көрнекіліктер
- Компьютер, интерактивті тақта, микроскоп, суреттер, карточкалар
- Пәнаралық байланыс
- География, математика, информатика, химия, қазақ тілі
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар түгенделеді. Мұғалім себетке топ атаулары жазылған төсбелгілерді салып, «орманда жүргендей» әсер беріп, оқушыларға таратады. Әр оқушы өзіне ұнаған төсбелгіні таңдап, соған сәйкес екі топқа бөлініп отырады. Топ атаулары жарияланады:
2) Ой шақыру
Саңырауқұлақтар туралы бейнефильм көрсетіледі. Бірнеше оқушы өз пікірін білдіргеннен кейін сайыстың кезеңдері таныстырылады.
3) Сайыс кезеңдері
- 1Таныстыру
- 2Бәйге
- 3Қызықты алтау
- 4Мені танисың ба?
- 5Шығармашылық жұмыс
I кезең: Таныстыру
Әр топқа 3 минут беріледі. Оқушылар төсбелгілері арқылы өз командаларын таныстырады. Бұл кезеңде оқушылардың ұшқырлығы мен сөз байлығы байқалады.
II кезең: Бәйге
Сұрақтар тақтада көрсетіледі. Жауап берілгеннен кейін дұрыс жауап экраннан шығады. Сұрақ қойылған топ бірінші жауап береді, жауап бере алмаса екінші топқа мүмкіндік беріледі.
«Білімділер» тобына сұрақтар
- Саңырауқұлақтың таралуын қамтамасыз ететін арнайы құрылымдық жасуша қандай?
- Дәнді дақылдарды зақымдайтын паразит саңырауқұлақ?
- Халық медицинасында «жер майы» аталып, құздама ауруына қарсы қолданылатын пайдалы саңырауқұлақ?
- Өсімдіктердің өсуін жеделдететін белсенді зат?
- Зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын зат?
- Саңырауқұлақтардың құрамы неге бай?
- Пенициллин антибиотигі қай саңырауқұлақтан алынады?
- Лимон қышқылы қайдан алынады?
- Саңырауқұлақтардың споралары түзілетін орын қалай аталады?
- Қалпақшалы саңырауқұлақ жіпшелері орталықтан шетке қарай өсіп, жемістік денелері шеңбер бойына орналасатын құбылыс қалай аталады?
«Зерделілер» тобына сұрақтар
- Саңырауқұлақтан уланудың негізгі белгілері қандай?
- Екі ағзаның өзара пайдалы селбесуі қалай аталады?
- Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге тән белгілері қандай?
- Саңырауқұлақтардың жануарларға тән белгілері қандай?
- Саңырауқұлақтар қандай жолмен көбейеді?
- Жіпшелері үзіліп, әр бөлігінен жаңа жіпшумақтар немесе бүршіктер түзілетін көбею түрі қалай аталады?
- Көбею кезінде екі өсімдік жасушасы қосылатын процесс?
- Ашытқы саңырауқұлағының ғылыми атауы?
- Қоректенудің неше жолы бар?
- Өсімдік пен жануар қалдықтарымен қоректену қалай аталады?
III кезең: «Қызықты алтау»
Бұл бөлімде әр түрлі тақырыптағы тапсырмалар ұсынылады. Әр тапсырма ұпаймен бағаланады: 5 / 10 / 15 ұпай.
Терминдер
- 5«Микология» сөзінің анықтамасын айтыңыз.
- 10«Конидий» сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.
- 15«Гликоген» ұғымының анықтамасын айтыңыз.
Өлең-жырлар
- 5А. Құнанбайұлының табиғат туралы өлеңдерінен үзінді оқыңыз.
- 10Табиғат тақырыбындағы ақындар өлеңдерінен үзінді оқыңыз.
- 15Берілген әннің атауын табыңыз.
Мақал-мәтелдер
- 5«Білімі жоқ ұл — …» (жалғастырыңыз).
- 10«Қорада малың болсын, …» (жалғастырыңыз).
- 15«… тасқа бітеді, … басқа бітеді» (бос орындарды толтырыңыз).
Жұмбақтар
- 5«Ол өспейді орманда, оның орны — қамыр, айран, сырада.»
- 10«Микроскоппен қарасаң, көкшіл-жасыл саусақ дерсің; медицинада одан дәрі жасалатынын білерсің.»
- 15«Орманда бір сұлу құлақ тұрады: телпегі қызыл, түймелері ақ, бойы сұңғақ. Анадайдан өзіне елді шақырады. Қасына ешкім жоламайды…»
Сандар
- 51766 ж.
- 102 кг 720 г
- 1510–12 күн
Өсімдіктер
- 5Ең тез өсетін өсімдік
- 10Ең ұзақ жасайтын ағаш
- 15Дүниежүзіндегі ең биік ағаш
Жануарлар
- 5Құрлықтағы ең үлкен саңырауқұлақты атаңыз.
- 10Жануар тектес (атауы жануарға байланысты) саңырауқұлақты атаңыз.
- 15Ең биік сүтқоректі
IV кезең: «Мені танисың ба?»
Тақтада саңырауқұлақтардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар суретке қарап атауын айтады және қысқаша сипаттама береді. Әр топ 3 суреттен алады.
V кезең: Шығармашылық жұмыс
Тақтада қоршаған орта және саңырауқұлақ тақырыбына қатысты суреттер беріледі. Оқушылар келесі сөздерді байланыстыра отырып, эссе жазады:
Тест №1
Төмендегі тапсырмалар саңырауқұлақтар бойынша білімді бекітуге арналған.
1) Жеуге жарамды саңырауқұлақты атаңыз.
- A) Майқұлақ
- B) Ойысқұлақ
- C) Түлкіжем
- D) Арышқұлақ
2) Микоризаны алғаш анықтап, зерттеген ғалым.
- A) Зелинский
- B) Сеченев
- C) Павлов
- D) Каменский
3) Зең саңырауқұлағы.
- A) Мукор
- B) Түлкіжем
- C) Микориза
- D) Симбиоз
4) Шаң түріндегі спора.
- A) Конидий
- B) Симбиоз
- C) Зооспора
- D) Спора
5) Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар.
- A) Жалған түлкіжем
- B) Кәдімгі түлкіжем
- C) Боз арамқұлақ
- D) Жерқұлақ
6) Ашытқы саңырауқұлағы қамырдағы қантты ыдыратып нені түзеді?
- A) Аспергилл және спирт
- B) Глицерин және көмірқышқыл газы
- C) Спирт және көмірқышқыл газы
- D) Пенициллин және су
7) Аспергилл саңырауқұлағы құстардың өкпесінде қандай ауру тудырады?
- A) Өкпе ауруы
- B) Құрт ауруы
- C) Аспергиллез
- D) Құс тұмауы
8) Пеницилл мен аспергилл қай топқа жатады?
- A) Улы саңырауқұлақтар
- B) Жеуге жарамды
- C) Зең саңырауқұлақтары
- D) Қантты саңырауқұлақтар
9) Лимон қышқылы қай зең саңырауқұлағынан алынады?
- A) Терекқұлақ
- B) Қозықұйрық
- C) Діңқұлақ
- D) Аспергилл
10) Сыраның құрамында не болады?
- A) Спирт
- B) Қант
- C) Нәруыз
- D) Таблетка
Үй тапсырмасы
Қосымша ақпараттық тапсырма: «Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы» тақырыбы бойынша деректер жинақтап келу.