Қайырлы күн құрбым

Павлодар қаласы, №26 жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Абылхаирова Ғалима Темірболатқызы

Пән: Қазақ тілі Сынып: 6 Тақырып: Туған жерім

Оқыту мақсаты

  • Жаңа сөздерді және мәтін мазмұнын меңгерту.
  • Сөйлем құрауға үйрету.
  • Сауатты жазуға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

  • Алған білімін қорытындылап, жүйелей алады.
  • Топтық жұмыс арқылы қарым-қатынас мәдениетін көрсетеді.

Оқушыға қойылатын критерийлер

A деңгейі

Тақырып бойынша жаңа сөздердің мағынасын ажыратып, сөз тіркестерін құрастырады және шағын тапсырмаларды орындайды.

B деңгейі

Жұппен және топпен жұмыс барысында шағын диалог құрып, орташа көлемдегі әңгіме құрастырады.

C деңгейі

Тақырып бойынша толыққанды әңгіме құрастырады.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1. Амандасу.
  2. 2. Психологиялық дайындық (тренинг).

Тренинг мәтіні

Қайырлы таң, досым!

Қайырлы күн, құрбым!

Бейсенбінің сәті

Сәттілікке толсын!

Бүгінгі алған бағаң

Кілең бестік болсын!

Кіріспе (білу)

Қызығушылықты ояту және жаңа тақырыпқа шығу:

  • «Ребуста қандай сөздер шықты? Кезекпен оқыңдар.»
  • «Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?»
  • «Мақсатымыз қандай болады?»

Мағынаны тану (түсіну)

Жаңа сөздер:

Қазақша Орысша
туған жер родная земля
жақын близко
тудым родился
шағын маленький
ұнайды нравится

Тапсырмалар (қолдану)

1) Мәтінді оқы

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.

2) Постер дайында

Мәтіннен алынған мәліметтерді постерге түсір.

Мәтін: «Туған жер»

Туған жер адамға ең жақын болады. Мен Павлодар қаласында тудым. Сондықтан менің шағын отаным — осы жер. Туған қаламнан басқа жаққа кетсем, сағына бастаймын. Қаланың әрбір көшесі, әрбір тасы мен үшін өте ыстық. Туған жерімді мен өте қатты жақсы көремін.

Негізгі ой

Туған жер — адамға ең жақын, жүрекке ыстық мекен.

Кілт сөздер

туған жер шағын отан сағыныш қала

Оқушыға бағыт

Мәтіндегі жаңа сөздерді қолданып, туған жерің туралы 5–7 сөйлем құра.