Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары
Армысыздар, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты аттестат тапсыру кешіне қош келдіңіздер.
2010–2011 оқу жылы
Биыл 43 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап, алтын ұя мектебінен қанат қағып отыр. Оқу жылының қорытындысы бойынша мектебіміздің мерейін үстем еткен жетістіктер төмендегідей.
ҰБТ нәтижелері және үздіктер
Алтын белгі иегері
Гайсина Бақыт Бекетқызы
100 балдан жоғары жинаған оқушылар
- Сағынгалиева Гүлназ Сағынғалиқызы 112
- Гусман Нұрдан Айбарұлы 111
- Туманова Асель Мержанқызы 109
- Көшенов Сағынғали Амантайұлы 105
- Хаппар Даражат Музапарқызы 104
- Құрманбек Қуаныш Болатұлы 101
- Болатова Айнұр Болатқызы 100
Бұл көрсеткіштер мектеп, ұстаз және ата-ана мерейін арттырды.
Кештің рухы
Бүгін шаттыққа толы кеш. Көңіл тасып, толқып өседі: кешегі ұл — жігіт, кешегі бантикті қыз — бойжеткен. Жүздеріңізден қуаныштың нұры көрінеді. Әр күніңіз, әр айыңыз осылай жарқын болсын!
Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана! Тойларыңыз құтты болсын, ағайын!
Мектеп — еліміздің қаны мен жаны. Барлығы мектептен басталады. Бүгінгі салтанатты кешімізде Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалады.
Қонақтар мен ардагер ұстаздар
Шақырылған қонақтар
- 1) ____________________________________________
- 2) ____________________________________________
- 3) ____________________________________________
Ардагер ұстаздар
- 1) ____________________________________________
- 2) ____________________________________________
- 3) ____________________________________________
- 4) ____________________________________________
Қош келдіңіздер!
Алғашқы құттықтаулар
«Мектебімнің қиынына күйгені, табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені…» — деген жүрекжарды сөзбен алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысы Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі.
Кешіміз салтанатты. Күн нұры төгіліп, мың бұралып бишілер би билейді. Құрметті қауым, алдарыңызда «Тойбастар» биі. Қабыл алыңыздар!
Қонақтарға сөз берейік: жақсы сөз — жанға ыстық нәр. Құттықтау сөз кезегі құрметті қонағымыз ____________________________________________ беріледі.
Келесі құттықтау сөз кезегі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері ____________________________________________ беріледі.
Музыкалық номер
Дархан Даулетияров — «Атамекен»
Орындайтын: Казталов • Қайрат Абдулов
Аттестат тапсыру рәсімі
Өрендер, балалық шақ артта қалды. Алдарыңызда — болашаққа бастар жол. Он бір жылдық еңбектің жемісі, алған білімнің айғағы — аттестат.
Тілек
Шығыңдар білім шыңына — батамыз осы сендерге. Үздік болыңдар оқуда да, еңбекте де.
Рәсімді тапсыру
Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Талпахов Альберт Асқарұлына тапсырылады.
Ән
Е. Хасанғалиев — «Қоштасу вальсі» (Бәкір Тәжібаев сөзі)
Орындайтын: Нәрік Дүйсенов
Ұстазға тағзым
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң алдарыңнан үлкен өмір тосады. Құттықтау сөз кезегі ардагер ұстаздарға беріледі: ____________________________________________
Алғаш әліппені ашқан сәт әлі есімізде. Жүрегімізге жылылық құйған сол мейірім ешқашан суынбайды.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары: Ищақова Шынасыл Аманқызы, Әділгереева Гүлжан Сапақызы. Құттықтау сөз алғашқы ұстаздар атынан Әділгереева Гүлжан Сапақызына беріледі.
Бесінші сыныптан бері шәкірттің жақсылығын асырып, кемшілігін жасыра білген сынып жетекшілеріміз Жұмағалиева Римма Ғиниятқызы мен Ажғалиева Гүлнұр Зейінқызына алғысымыз шексіз. Келесі сөз кезегі 11 «Б» сынып жетекшісі Ажғалиева Гүлнұр Зейінқызына беріледі.
Ән
«Ұстазым»
Орындайтын: Ибраев Аңсар
Ата-анаға алғыс
Ата-ана — балапанын әлдилеп, аялаған алтын бесік. Болашаққа тілек тілеп, әрқашан перзент қамын ойлайды. Сөз кезегі жас түлектердің ата-аналары атынан Алтын белгі иегері Гайсина Бақыттың әкесі Гайсин Бекет Исқақұлына беріледі.
Би
«Өзбек биі» — биші қыздарымыздың орындауында
Түлектер үні
Мектепке келген күннен талай жаз, талай қыс өтті. Сыныптас достармен, қаз-қатар тізілген партамен, тақтадағы ілулі картамен бірге өскен естеліктер енді жүректе қалады. Он бір жыл білім берген ұстазға — мың алғыс.
Балалық шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектер атынан сөз кезегі Гайсина Бақыт Бекетқызына беріледі.
Түлектерге арналған арнау сөз — мектебіміздің мақтанышы, аудандық «Балдәурен» байқауының жүлдегері Хаппар Даражатқа беріледі.
Ән
«Мектеп вальсі»
Орындайтын: Ибраев Аңсар
Қиындықтар мойытпасын, батылдықпен талай белден асыңыздар. Білімдеріңізбен мектепті қуантсаңыздар, жақсы істеріңізбен еліңізді де қуанта беріңіздер.
Тілек
Қыран болып ұшыңыз, оқуға түсіңіз.
Ниет
Кемелденген маман болып, аман келіңіздер.
Сағыныш
Сағынамыз күн сайын, жыл сайын кездеселік.
Ақ жол
Сапарларыңыз сәтті, жолдарыңыз оң болсын.
Қорытынды
Шақырылған қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері! «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.
Кешіміздің екінші бөлімі аудандық әкімшілік жанында жалғасады.