Қазақ қызы - ақылына көркі сай, Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі
8 наурызға арналған мерекелік кеш
Зал 8 наурыз мерекесіне арналып безендірілді. Сахнада әдемі көктем аруының бейнесі көрініс табады. Көңілге жылу сыйлайтын мереке — Аналар күніне арналған «Айналайын — анашым» атты концерт осылай басталады.
Кештің мақсаты
Аналарға, әжелерге, ұстаздарға құрмет көрсету, қыз балалардың әдептілігі мен көркем мінезін дәріптеу, балалардың өнерін сахнада таныту.
Кештің атмосферасы
Жарық, кең, көктем шуағындай әсер сыйлайтын көңіл күй. Ән, би, ойын, тосын сый — бәрі бір сахнада тоғысады.
Жүргізушілердің құттықтауы
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, аяулы аналар, қызғалдақтай қыздар, қадірлі ұстаздар!
1-жүргізуші: Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 наурыз мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келген төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Екі бала қосылып: «Айналайын — анашым» атты концертіміз сіздерге арналады.
Көрініс: тосын сыйға дайындық
1-бала:
Баурап алар бір ауыз сәлемі,
Қазақ қызы — әдепті де әдемі.
Қазақ қызы — ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
2-бала: Мынау керемет өлең екен!
1-бала: Білесің бе, Ерасыл, бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ.
2-бала: Неге, сиқыршы келе ме?
1-бала: Жоқ, таппадың.
2-бала: Ә, таптым! Қайрат Нұртас келетін шығар?
1-бала: Жоқ. Ерекшелігі — бүгін ең тамаша жандардың мерекесі ғой! Ендеше, топтағы қыздарға тосын сый жасайық. Қыздарды қуанту үшін бәріміз бірігіп дастархан әзірлейік. Қыздар гүлдей жайнап, жайғасып отырсын, ал біз, жігіттер, оларға қызмет етейік. Жарай ма?
Барлығы: Келістік!
Тәрбиеші: Ал жігіттер, біздің қыздарымыз қайда?
Балалар: Апай, біз қыздарға тосын сый жасаймыз. Бүгін — олардың мерекесі!
Тәрбиеші: Жарайды, онда өздерің біліңдер.
Сахналық нұсқау: бәрі дөңгелек үстелге дастархан әзірлейді. Төрт бала «мейрамхана қызметшісі» болып, қолдарына орамал ұстап тұрады.
Ән: «16 қыз»
Мерей: Ал мен қыздарға арнап ән дайындадым. Халық әнін «16 қыз» деп атайды, бірақ біз бір қызды қосып, «17 қыз» деп айтайық. Сол әнмен қыздарды сахнаға шақырайық!
Ән мәтіні
Астыма мінген атым генадушка,
Шабамын көңіл ашып немношка.
Не керек бұл дүниеде жить етуге,
Азырақ ойнап-күлмей, молодушка.
Қайырмасы:
Сабина-ай, Әдия-ай, Эленора, Эльнара-ай,
Жанайым, Ақбота-ай, Илария, Шаттық-ай!
Әшекей қыз, Жансая-ай, спортшы қыз Анель-ай,
Айжұлдызбен, Эльназ-ай, Меруертпен Бекзада-ай!
Шашбаулы қыз Ақерке-ай, сүйкімді қыз Алтынай,
Қайда кеттің-ай, Нұрай-ай.
Қарағым, айналайын, черный көзім,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Втарой, третей сорттар толып жатыр,
Первый сорт қайдан тудың сенің өзің?
Қайырмасы (қайталанады):
Сабина-ай, Әдия-ай, Эленора, Эльнара-ай,
Жанайым, Ақбота-ай, Илария, Шаттық-ай!
Әшекей қыз, Жансая-ай, спортшы қыз Анель-ай,
Айжұлдызбен, Эльназ-ай, Меруертпен Бекзада-ай!
Шашбаулы қыз Ақерке-ай, сүйкімді қыз Алтынай,
Қайда кеттің-ай, Нұрай-ай.
Балалар: Ал, қыздар, қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Қыздар: Рахмет!
Балалар: Әніміз ұнады ма?
Қыздар: Ұнады! Керемет екен!
Балалар: Не ішесіздер?
Қыздар: Шырын болса…
Сахналық нұсқау: қыздарға шырын ұсынылады.
Би және ойын
Би: «Жігіттер биі»
Алты бала сахнаға шығып, ырғақты да көңілді би орындайды. Көрініс қыздардың мерекелік көңіл күйін одан әрі аша түседі.
Ойын: «Гүл сыйлау»
Балалар бәрі бірге ойын ойнап, бір-біріне жылы сөздер айтып, мерекелік сәтті әсерлі етеді.
Мерей: Қыздар, сіздерге арналған сыйлығымызды қабыл алыңыздар.
Сахналық нұсқау: себет толы гүлдер қыздарға таратылып беріледі.
Ерасыл: Қыздар, көп отырып қалған сияқтысыңдар. Келіңдер, бәріміз бірге тұрайық!
Аналарға арналған жыр
Мерей: Сіздердей қыздарды, біздердей ұлдарды өмірге әкелген аналарымызға жыр арнайық.
1-тақпақ
Армысың, аналарым, әжелерім,
Мейірбан, аппақ көңіл даналарым!
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың.
2-тақпақ
Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
3-тақпақ
Құрметтейік, балалар, аналарды —
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойланып істейік әр қадамды.
Дерек
Атырау облысы, Исатай ауданы, «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы
Құрастырушы: Жолдыбаева С.