Қыздардың қайсысының бойы қысқа
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы
Таным
Кіші сала
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы
Кеңістікті бағдарлау: оң жақта – сол жақта, астында – үстінде, арасында
Мақсаты
- Балаларды кеңістік қатынастарымен таныстыру: оң–сол, үстінде, астында, арасында.
- Заттардың өзара орналасуын және орнын ажырата білуге үйрету.
Билингвальдық компонент
Оң жақ
справа
Сол жақ
слева
I кезең — мотивациялық-қозғаушы
Жылдам белсендіру
Балалар тапсырмаларды қимыл арқылы орындайды.
-
1
Аяқпен 3 рет тарсылдату.
-
2
2 рет оңға, 2 рет солға қадам басу.
-
3
Алақанмен 3 рет жоғары, 1 рет төмен шапалақтау.
II кезең — ұйымдастырушылық-ізденушілік
Ойлау + кеңістікті бағдарлау
Әңгіме-жағдаят
Ертеде Айша, Әлия және Әнел деген үш қыз өмір сүріпті. Айша — ең ұзын. Әлия оң жақта тұр, ал Әнел сол жақта тұр.
Сұрақтар
- Қыздардың қайсысының бойы қысқа?
- Ең ұзын қыздың аты кім?
- Айшадан қысқа қыздың аты кім?
Жеке жұмыс
Әр қыздың қай үйде тұратынын ойлап табыңдар, дәптерде қарындашпен көрсетіңдер.
Бағдар
Биік үй қай жақта?
Салыстыру
Одан аласа үй қай жақта?
Орны
Ең аласа үй қай жерде?
Орманға саяхат: өзен жағасы
Бір күні Айша, Әлия және Әнел орманға барады. Өзенге жақындап келгенде, өзен жағасында екі ағаш өсіп тұрғанын көреді: аласа ағаш — шырша, ал одан биігі — ұшы әрең көрінетін қарағай.
Сұрақ
Шырша қай жерде орналасқан?
Сұрақ
Қарағай қай жерде орналасқан?
Жұмбақ арқылы табу
Орманда кездескен нысандар
Үсті толы ине,
Бірақ та іс тігіп
Қадамайды түйме.
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.
Қорыққанда — желаяқ,
Отырғанда — томардай-ақ.
Сергіту жаттығуы
Ал, балалар, тұрайық.
Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды соғайық.
Оң жақтағы балаға,
Шапалақты соғайық.
Сол жақтағы балаға,
Шапалақты соғайық.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Дәптермен жұмыс
-
1
Торкөзді салып, бояу.
-
2
Торкөздің оң жағындағы және сол жағындағы бөліктерін бояу.
Қорытынды: кеңістікті бағдарлау ұғымдарын бекіту — оң жақта – сол жақта, астында – үстінде, арасында.