Төстіктің дүниеге келуі

Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті №39 гимназия

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Нуримова Мира Сатбайқызы

Сабақтың тақырыбы

«Ер Төстік» ертегісіндегі халық арманы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға ертегі мазмұнын талдата отырып, ғажайып құбылыстардың сырын ашу және оны оқушы сезімімен ұштастыру.

Дамытушылық

Ертегі туралы түсінігін кеңейту, пікір алмасуға үйрету, өмірмен байланыстыра отырып өзіндік ой қорытындысын жасай білуді дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды туған жер мен ел алдындағы парызын терең түсінуге, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша

Сабақ типі

Бекіту сабағы

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Салыстыру
  • Топтастыру стратегиясы
  • Ойға шығу стратегиясы

Көрнекіліктер

  • Кесте
  • Слайд-кестелер
  • Кітап көрмесі

Пәнаралық байланыс

  • Қазақ тілі
  • Бейнелеу өнері

Сабақ барысы

Құрылымды, кезең-кезеңімен

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, түгендеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындау.

II. Сабаққа дайындық

«Шаттық шеңбері»

Оқушылар бір-біріне жылы тілек айтып, жағымды оқу атмосферасын қалыптастырады.

III. Білімді тексеру және сабақты бекіту

Ертегінің мазмұнын аша отырып, оқиғалар желісін құрылысына сай талдау және тәрбиелік мәнін айқындау.

«Ертегілер елінде» (сұрақтар)

  1. Ертегі дегеніміз не?
  2. Ертегінің қандай түрлері бар?
  3. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
  4. Ауыз әдебиетінің түрлері қандай?
  5. «Ер Төстік» ертегісі қай ертегі түріне жатады?
  6. Ертегіден қандай ғажайып құбылыстарды байқадың?

Шатасқан оқиғаларды реттеу

Оқиғаларды дұрыс реттілікке келтіріп, себеп-салдарын түсіндіру.

  1. Төстіктің ағаларын іздеп шығуы
  2. Ерназардың Сорқұдық басына қонуы
  3. Төстіктің дүниеге келуі
  4. Төстіктің жер астына түсуі
  5. Тоғыз ұлды үйлендіру
  6. Шойынқұлақ пен Ер Төстік
  7. Елге оралу
  8. Ер Төстік және оның адал достары

Композициялық құрылымға талдау

Басталуы

Ер Төстіктің дүниеге келуі

Дамуы

Ағаларын іздеп шығуы

Байланысы

Тоғыз ұлды үйлендіру

Шиеленісі

Ерназардың Сорқұдық басына қонуы

Шарықтау шегі

Төстіктің жер астына түсуі

Шешімі

Елге оралу

«Мынау кім?» ойыны

Үзінділер бойынша кейіпкерді анықтау.

«Сегіз ағаңның бары рас еді, жұт жылы кетіп еді, содан қайтқан жоқ. Қайда жүргендерін білмейміз», — дейді.

Жауабы: Анасы

«Әкем маған жылқыдан таңдатсын: Шалқұйрық атты берсін, жасаудан ақ сырмалы сауытты берсін, түйеден құба інгенді берсін», — дейді.

Жауабы: Кенжекей

«Төр алдына бара бергеніңде екі сұр жылан ысылдап келеді де, екеуі жеңіңнен кіреді, қойныңнан шығады; қойныңнан кіреді де, қонышыңнан шығады».

Жауабы: Бабыханның ұлы мен қызы

«Жұрттан асқан алыппын: жер үстінде де, жер астында да маған шақ келетін адам жоқ».

Жауабы: Таусоғар

«Шырағым, шаршадың ғой. Деміңді алып, ұйықта. Жарысарда өзім оятамын», — деп ұйықтатып тастайды.

Жауабы: Мыстан кемпір

«Ей, адамзат, бұл жерге не жұмыспен келдің? Менің балапандарымды аулай келдің бе? Бұл жерді адам басқан емес, бұл — менің мекенім».

Жауабы: Қарақұс

Мәтінмен жұмыс

Ертегінің аты

«Ер Төстік»

Біріккен сөздер

Шалқұйрық Көлтаусар Таусоғар Желаяқ Шойынқұлақ

Көнерген сөздер

сауыт хан бақыр лашық қылбырау кездік

Концептуалдық кесте

Кейіпкер Сипаты Қорытынды
Ер Төстік Ер мінезді, батыл Зұлымдықты жеңеді
Кенжекей Мейірімді, ақылды Қиындыққа қарсы тұрып, ақылымен шешім табады
Мыстан кемпір Қу, өтірікші Өз басының қамын ойлайды

Оқулықпен жұмыс

Диалогты талдау

Оқулықтағы Ерназар мен Мыстан кемпір арасындағы диалогпен жұмыс: мағынасы түсініксіз сөздерді анықтап, сөздік арқылы талдау.

Ой тастау

Ертегі сендерге ұнады ма? Неліктен?

Қалай ойлайсыңдар, осы ертегі бойынша мультфильм түсіруге бола ма? Қандай көріністерді ерекше айтар едіңдер?

Негізгі идея

Ертегідегі халық арманы

Әділдікке ұмтылу, зұлымдықты жеңу, достық пен адалдықты қадірлеу, қиындыққа мойымау.

Менің арманым

Оқушылар өз армандарын халық арманы ұғымымен байланыстырып, қысқа ойтолғау жазады немесе ауызша бөліседі.

Бағалау және үй тапсырмасы

Оқушылардың білімін бағалау

Жауаптардың дәлдігі, талдау тереңдігі, топтағы белсенділік және пікір айту мәдениеті ескеріледі.

Үй тапсырмасы

Осы ертегіге ұқсас, өз қиялыңнан жаңа ертегі құрастырып жазып келу.