Балабақшамен қоштасу мерекесіне арналған сценарийТақырыбы

Мерекелік сценарий

Жүргізушінің кіріспе сөзі

«Бұл оқу — тамақ болар қарын ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас, біле білсең, білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда», — деп ақындарымыз айтқандай, тарыдай болып кіріп, ақыл-ойы толып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндеріміздің қатысуымен өтетін «Даярлыққа барамыз» мерекесін ашық деп жариялаймыз.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да. Мұндай күй болған шығар қашан да. Ендеше, қол шапалақпен қарсы алып, балдырған бүлдіршін түлектерді шақырайық!

Ескерту

Даярлық тобына аттанғалы отырған балалардың есімдері жүргізуші тарапынан жеке-жеке аталып шығады.

Жалпы би

Вальс

Түлектердің лебіздері

Даярлығымыз шақырады бізді алдан,
Алдымызда әлі талай сан арман.
Қоштассақ та, балабақшам, сенімен —
Санамызда өзің берген өнегең.

Фариза

Ботақаным, бөбек деп

Еркелеттің ұл-қызды.

Анамызды ерекше

Қуантатын күн — бүгін.

Өсті міне бойымыз,

Өсті міне ойымыз.

Қуанышыңа ортақпыз,

Құтты болсын тойымыз!

Айзере

Балабақшам сүйікті,

Тақылдатып сөйлетті.

Шынықтырып денемді,

Шымыр бол деп үйретті.

Жамандықтан жирентіп,

Жақсылыққа үйретті.

Алихан

Менің туған ауылымда

Орналасқан бақшамыз.

Сұрасаң аты — «Дәншік»,

Әсем бақша, көрікті.

Білім беріп, мәпелейді,

Өрлетер өмір шыңына.

Еркін өсер әр бала

Біздің балабақшада.

Қымбат

Сезімі толған баламыз,

Оянды ақыл-санамыз.

Адамдықтың бастауын

Өзіңмен алып барамыз.

Қош, балалар бал қылық,

Түстік білім жолына.

Орнымызды қалдырып,

Сәбилердің тобына.

Ән

«Қош бол, балабақша»

Көрініс: «Айгөлек» тобы

Сахналық әрекет

Көрермендерге «Айгөлек» тобының өнері ұсынылады.

Қою (қозғалыс)

  • Балалар «Балдырған» әнімен қолдарына шар ұстап залға 5 баладан жүгіріп кіреді.
  • 3 қатарға тұрып билейді.
  • Би соңында шарларды жоғарыға жібереді.

Көріністің негізгі ойы — балабақшамен қоштасып, жаңа қадамға: даярлық тобына нық сеніммен аттану.

Қоштасу Түлектер Вальс Ән Көрініс