Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған сценарий

Бұл сценарий 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаны мазмұнды, әсерлі әрі тәрбиелік мәні жоғары етіп ұйымдастыруға бағытталған.

Мақсаты

  • Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, ел тағдырына ықпал еткен қуатты тұлға екенін таныту.
  • Елімізді нығайтып, мемлекеттілікті бекіту жолындағы еңбегін түсіндіру, халқымыздың беделін әлемге танытқан кісілік келбетін үлгі ету.
  • Елін сүйген, елі сүйген тұлғадан өнеге алуға тәрбиелеу.
Фон

Күй (аспаптық әуен) орындалады.

Жүргізуші сөзі

Бар әлемге шын танылдық, міне, біз —
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып: Қазақстан — Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан — тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасын құрметтейтін ерекше күні —
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер!

Бүгін — 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні ретінде бұл мереке елімізде аталып өтеді.

Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елі үшін елін сүйіп жаралып.
Сол кісідей болса — болсын әр алып,
Адамдықтың аласармас үлгісі.

Бүгін Тұңғыш Президент күніне орай
Әсем әнді шырқатайық бір болып!

Ән

«Егемен Қазақстан» — 7-сынып оқушысы Еркінова Хамида орындайды.

«Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы: Астана туралы мәлімет

Оқушылар 13 дыбыстан тұратын «Ару қала — Астана» сөйлемін негізге алып, әр әріп арқылы елорда туралы мәлімет береді.

А

Астана — жастардың қаласы.

Р

Республиканың орта тұсында орналасқан.

У

Уран, алтын, боксит, мыс, көмір, кварц құмдары сияқты пайдалы қазбалар бар.

Қ

Қысы өте аязды, суық қала.

А

Алғашқы атауы — Ақмола.

Л

Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген ару қала.

А

Астанада Отырар кітапханасы орналасқан.

А

Алтыншы шілде — елордамыз Астананың туған күні.

С

Символы — «Бәйтерек».

Т

Техникалық алмаздың қоры Астанада бар.

А

Астанадағы «Бәйтерек» монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған.

Н

«Нұр-Астана» — зәулім күмбезді мешіттердің бірі.

А

Астана халықаралық қалалар байқауларында «Бейбітшілік қаласы» атанған.

Қазақстан дейтін — менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далада жылап келіп уанған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанған.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Би

7-сынып оқушыларының орындауындағы би ұсынылады.

Тәрбиелік бөлім: Елбасы туралы ой

Ауыр күнді артымызға тастауы —
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген —
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқын келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретіндегі көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ терең білуі тиіс.

Викторина: Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы

Тұңғыш Президенттің өмір жолына шолу жасау мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап беріледі.

  1. 1. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
  2. 2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
  3. 3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған? (1940 жыл, 6 шілде)
  4. 4. Елбасы мектепте қалай оқыды? (4 пен 5-ке)
  5. 5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады? (Металлургия)
  6. 6. Н. Ә. Назарбаевтың бойындағы қандай қасиеттерді атай аласың? (Адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін)
  7. 7. Н. Ә. Назарбаев қашан Президент болып сайланды? (1991 жыл, 1 желтоқсан)
  8. 8. Астананың бұрынғы атаулары қандай? (Целиноград, Ақмола)
  9. 9. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер? (1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан, 16 желтоқсан)
  10. 10. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болып белгіленді? (Бұл күн — Президент сайлауы өткен күн)

Туды ұстап, тура жолға түсіріп,
Жас Отанның мәнін терең ұқтырып,
«Елім, жерім!» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Ән

Тағыбергенова Айжан орындайды.

Тәуелсіздікке тағзым және қорытынды бөлім

Тәуелсіздік!

Сан ұлттың басын қосып — Қазақстан,
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан.
Елбасы алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан.

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа,
Әр қазақ берік болсын намысына.
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, нұрлы заман бағытына!

Би

9-сынып оқушыларының биін тамашалайық.

Біз — тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңге жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз.

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

Бәрі бірге:

Қош сау болыңыздар!