Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдете түсу

Мақсаттары

Білімдік

Сөз және оның мағынасы туралы білімді тереңдету, қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту; алған білімді қолдану және оқу әрекетін саналы түрде ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Психологиялық дайындық: Қазақстан туралы өлең тыңдау.
  • Тәуелсіздік туралы қысқаша әңгімелеу.
  • Мәндес сөздерге қысқа тапсырма (қайталау).

II. Үй тапсырмасын тексеру

5-жаттығу

Жұмыстарды тексеру, қателерді талдау.

Жедел сұрақтар

Қысқа сұрақ-жауап арқылы білімді нақтылау.

III. Жаңа сабаққа кіріспе

Сабақты Қ. Мырза Әлидің «Қырсық» өлеңінен үзіндімен ашу:

Сен оған: аласа — десең,

Ол саған: биік, — дейді.

Сен оған: кіші ғой! — десең,

Ол саған: үлкен! — дейді…

Талдауға арналған мәтін

Талқылау сұрақтары

  • Өлеңде қандай сөздер кездеседі?
  • Осы жұп сөздердің мағынасы қандай қатынаста?
  • Ережені өздерің тұжырымдап көріңдер.

IV. Жаңа ақпарат

Тілімізде мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келетін сөздер болады. Мұндай сөздер қарама-қарсы мағыналы сөздер немесе антонимдер деп аталады.

Мысалдар: алыс — жақын, ащы — тұщы және т.б.

V. Оқулықпен және дәптермен жұмыс

  • Жаттығуларды орындату, жауаптарды салыстыру.
  • Белсенді оқушыларды жетондар арқылы бағалау.

VI. Сергіту сәті

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.

VII. Бекіту тапсырмалары

1) Ойын: «Мұғалімдер мен оқушылар»

Екі топ кезектесіп «мұғалім» және «оқушы» рөлінде антоним сөз жұптарын айтады.

2) Суретпен жұмыс

Геометриялық фигураларды орналастырып, оларға сәйкес қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу.

3) Анаграмма шешу

Берілген анаграммаларды дұрыс сөзге айналдырыңдар: рісте, зутү, сыжақ.

4) Қорытынды сұрақ

Антоним сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

5) Венн диаграммасы

Мәндес сөздер мен қарама-қарсы мағыналы сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.

6) Шығармашылық тапсырма

Антонимдерді қолдана отырып, төрт жолды өлең құрастыру.

VIII. Үй тапсырмасы

  • 5-жаттығу.
  • Ережелерді қайталау.

IX. Бағалау

Оқушылардың жұмысы жетондар мен жауаптарының толықтығына қарай бағаланады. Сабақ соңында белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.