Кезекшінің хабарламасы

Сабақтың тақырыбы

4 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

4 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Қолданылатын тәсілдер: сандар құрамы туралы білімге және қасиеттерге сүйену, бөліктер бойынша орындау. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

2) Дамытушылық

Қосу және азайту тәсілдері туралы білімді қолдану дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын және жалпы ой-өрісін дамыту.

3) Тәрбиелік

Табиғатты сүюге және қадірлеуге, адамгершілікке, мейірімділікке, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Аралас

Көрнекіліктер

Суреттер

Әдіс-тәсілдер

Ізденіс, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Психологиялық дайындық.

Психологиялық дайындық мәтіні

Шырылдайды қоңырау —

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен,

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

Кезекшінің хабарламасы

  1. 1 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  2. 2 Оқу құралдарын түгендеу.

II. Өткенді пысықтау

Балалар, бүгін сабағымызды бастамас бұрын екі топқа бөлінеміз:

I топ

Алғырлар

II топ

Білімділер

Бағалау тәсілі

Әр топта жауап берген оқушыларды гүл күлтелері арқылы бағалап, гүлшоғына орналастырамыз. Қай топ жеңіске жетсе, сол топтың гүлшоғы алдыңғы қатарға қойылады.