Оқушыларды Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп
ЖОББ Шипов орта мектебі
Пән мұғалімі
Тарих пәнінің мұғалімі Жангирова Улбике Изтелеуовна
Сабақтың тақырыбы
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы
Мақсаты
Оқушыларды Ұлы Жібек жолының тарихымен таныстыру.
Қазақстан аумағындағы бағыттары мен тармақтары туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ керуен жолы бойында қала мәдениетінің қалыптасуы жөнінде білім беру.
Күтілетін нәтижелер
-
A
Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары мен тармақтарын біледі.
-
B
Ұлы Жібек жолы арқылы сауда жасаған мемлекеттерді анықтайды.
-
C
Карта бойынша Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қандай қалалар арқылы өткенін көрсетеді.
Керекті жабдықтар
Негізгі дереккөздер
- «Қазақстан тарихынан әңгімелер», 5-сынып (авторлары: Б. Қ. Әбдіғұлова, А. Т. Қапаева, Ғ. Қ. Кенжебаев)
- Электрондық оқулық
- Әдістемелік құрал
Құрал-жабдықтар
- Ресурс парақтары, бланкілер, фломастерлер
- Карта
- Тірек-сызба
- Бағалау парағы
- Рефлексия парағы
- Интерактивті тақта
Сабақ барысы
Мұғалім әрекеті
-
1
Сыныппен амандасу.
-
2
Сыныпты түстер арқылы топқа бөлу.
-
3
Оқушылардың зейінін сабаққа психологиялық тұрғыда аудару және бағалауға арналған парақтарды тарату.
-
4
Өткен сабақты қорытындылап, жаңа тақырыппен байланыстыру: үлестірмелі бетшелердегі сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.
Үлестірмелі сұрақтар (өткенді қайталау)
Бос орындарды толтырыңыз немесе дұрыс жауабын атаңыз.
1. Ғұн әскерінің шабуылынан қорғану үшін б.з.б. IV–III ғасырларда қытайлар Ұлы Қытай қорғанын салдырды.
2. Мезолит дәуірінің басты жаңалығы — садақ пен жебенің пайда болуы.
3. Әбу Насыр әл-Фарабидің құнды еңбектерінің бірі — «Ізгі қала».
4. 546 жылы соғыста түркілердің Ашина тайпасын басқарған қаған — Бумын қаған.
5. «Алтын киімді адам» табылған жер — Есік қаласының маңы.
6. Геродоттың еңбегі — «Тарих».
7. Б.з.б. 12–5 мыңжылдықтар аралығын қамтитын кезең — орта тас ғасыры.