Өздерің білетін Қызыл кітапқа енген өсімдіктер түрлерін атап өтсеңдер

Сабақ тақырыбы

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсімдіктер

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: Қызыл кітапқа енген өсімдіктер түрлерімен таныстыру, негізгі түсініктерді қалыптастыру.
  • Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, танымдық қызығушылығын арттыру.
  • Тәрбиелік: Өсімдіктер әлеміне сүйіспеншілік ояту, оларды қорғауға баулу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі
Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің суреттері және қосымша материалдар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Отырыңыздар. Бүгінгі дүниетану сабағын Батырбек Гүлсара жүргізеді. Көңіл күйлерің қалай? Сабаққа дайынбыз ба?

Психологиялық дайындық

Табиғат — біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертетін —

Дүниетану сабағы.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Кім жылдам?» ойыны

Қайталау және бекіту
  • Өсімдіктер туралы не білеміз?

  • Қандай өсімдіктердің түрлерін білесіңдер?

  • Жарық сүйгіш өсімдіктер

    Жолжелкен, өгейшөп, қоңыраубас.

  • Ылғал сүйгіш өсімдіктер

    Беде, бақбақ, қоңырбас.

  • Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

    Жантақ, сүттіген.

  • Өсімдіктердің топтасып өсуі туралы не білеміз?

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі тақырыбымыз — Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсімдіктер. Қызыл кітап — қауіп-қатер дабылы: белгілі бір түрдің бұл кітапқа енгізілуі оған ерекше назар аударуды және көп жағдайда арнайы қорғау шараларын қажет ететінін білдіреді.

Маңызды ереже

Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер ерекше қорғауға алынады және оларды жинауға тыйым салынады.

Қазақстандағы дерек

Қазақстанда өсімдіктер дүниесінің 307 түрі Қызыл кітапқа енген. Оларды сақтауға мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды.

Қызыл кітаптағы өсімдіктер (1-басылым дерегі)

Жабықтұқымдылар

288

Ашықтұқымдылар

2

Қырыққұлақтәрізділер

3

Мүктер

3

Саңырауқұлақтар

10

Қыналар

1

Ой қозғау

  • Қызыл кітапқа енген өсімдіктер туралы не білесіңдер?

  • Өздерің білетін Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді атап беріңдер.

Оқушылардың жауаптарын толықтыра отырып, Қазақстан Республикасында Қызыл кітапқа енген өсімдіктер туралы қысқаша мәлімет беріледі және суреттері көрсетіледі.

Тақтамен жұмыс: «Суреттер сөйлейді»

Көктемдік жанаргүл

Adonis vernalis

Көктемдік жанаргүл — сарғалдақтар тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі шамамен 20 см-ге дейін жетеді. Бұл түр сирек кездесетін еуроазиялық далалық өсімдік ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Қолданылуы: дәріханаларда тұнба жасауға, ал өндірісте галенді препараттар мен глюкозидтер алуға пайдаланылады.

Секпіл шолпанкебіс

Cypripedium guttatum

Секпіл шолпанкебіс — сүйсіндер тұқымдасының шолпанкебіс туысына жататын, Қазақстанда сирек кездесетін түр. Ол Солтүстік Қазақстан аумағында және Таулы Алтайдың екі нүктесінде (Марқакөл шұңқыры, Иван жотасындағы Широкий Лог шатқалы) кездеседі.

Қорғалуы: аздаған популяциялары Марқакөл және Батыс Алтай қорықтарында қорғалады.

Қосымша мәлімет

Әдіскер
Сулейменова С. Ы.
Машықкер
Батырбек Г.