Материктің өсімдіктері мен жануарларының ерекшеліктерін анықтау

Астана қаласы, №68 орта мектеп

География пәні мұғалімі: Сеил Кәмшат Елтайқызы

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ тақырыбы

Аустралияның табиғат зоналары

Көрнекілік

  • Атлас
  • Презентация
  • Стикерлер

Жалпы мақсат

Оқушылардың өз бетінше білім алуына жағдай жасау арқылы Аустралияның табиғат зоналары туралы білімін кеңейту, ізденімпаздықпен жұмыс істеу қабілетін, өзара пікір алмасу дағдыларын дамыту. Топпен жұмыс істеуге, сыйластыққа тәрбиелеу.

Міндеттер

  • Табиғат зоналарының таралуындағы әркелкілікті анықтау үшін картамен жұмыс жасау.
  • Материктің өсімдіктері мен жануарларының ерекшеліктерін анықтау.

Түйінді идеялар

Аустралия — үлкен қазына, үлкен қорық

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі аса алуан түрлі. Басқа материктерде жойылып кеткен, тек Аустралияда сақталған эндемик өсімдіктер мен жануарлар бар.

Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында эму мен кенгуру бейнеленген.

Қорғалатын аумақтар

Аустралияда қорғалатын кешендер саны мыңнан асады. Олардың ішінде әлемге әйгілі ұлттық парктер бар.

Улуру Үлкен Тосқауыл рифі Какаду

Сабақ құрылымы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу және көшбасшылық

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • Түсті қағаздар арқылы топқа бөлу.
  • Бағалау парақтарын үлестіру.

Оқу әрекетінің форматы

  • Жеке жұмыс
  • Топтық жұмыс
  • Талқылау және салыстыру

2) Білу: географиялық диктант (жеке жұмыс)

Тақырып мазмұны бойынша кім? не? қандай? қалай? нені? қашан? не істеді? сұрақтарына жауап беретін толық ақпаратты іріктеу.

Терминдер тізімі

  1. Йорк
  2. Гондвана
  3. Шілде
  4. Қаңтар
  5. Муррей
  6. Эйр
  7. Тропик
  8. Крик

Сұрақ–жауап

  1. Аустралияның ең үлкен өзені қандай?
  2. Кеуіп қалған өзен арнасы қалай аталады?
  3. Аустралияның ең суық айы қайсы?
  4. Материктің ең көп бөлігін қандай климаттық белдеу алып жатыр?
  5. Аустралияның ең ірі көлі қандай?
  6. Аустралия ежелгі қай материктің құрамында болған?
  7. Аустралияның ең жылы айы қайсы?
  8. Материктің солтүстік шеткі нүктесі қалай аталады?

Бейнематериал

«Аустралия жануарлары» бейнеролигін көру және қысқа талқылау.

3) Түсіну: себебін анықтау (топтық жұмыс)

Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? сұрақтары арқылы құбылыстардың себеп-салдар байланысын түсіндіру.

  1. Неліктен Аустралия материгіндегі жануарлар басқа материктерге қарағанда ерекше?
  2. Материктің басым бөлігінің шөл және шөлейт зонада орналасу себебі қандай?
  3. Суккулентті өсімдіктер неге «көгілдір бұталар» деп аталады?
  4. Налларборда үңгірлердің көп болуын немен байланыстыруға болады?

4) Талдау: салыстыру (топтық жұмыс)

1-топ

Тропиктік шөл зонасы

2-топ

Саванналар мен сирек ормандар

3-топ

Ормандарды салыстыру: ылғалды тропиктік ормандар және ылғалды субтропиктік ормандар

4-топ

Ғаламтор көздерін пайдаланып, материктің эндемик жануарлары туралы қызықты деректер жинау

5) Жинақтау: негізгі ойды түйіндеу

Нәтиже

  • Тақырыптың басты идеясын көрсету.
  • Қорытынды шығару.
  • Тірек сызба құрастыру.

Тапсырма: табиғат зоналарын белгілері бойынша топтастыру

Төмендегі сипаттамаларды тиісті табиғат зоналарына сәйкестендіріңдер:

Ылғал мөлшері көбірек сақталатын, астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өседі.

Налларбор шөлі орналасқан.

«Вилли-вилли» деп аталатын шаңды дауыл болып тұрады.

Сұр кенгуру, вомбат, жабайы ит динго мекендейді.

Қызыл-қоңыр топырақ басым.

Ехидна, қолтырауын, үйректұмсық кездеседі.

Эвкалипт ағаштары өседі.

Субэкваторлық белдеуде орналасқан.

Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін алып жатыр.

Қызғылт сары ферралитті топырақ тән.

Ағаш тәрізді папоротниктер өседі.

Қолшатыр тәрізді эвкалипттер өседі.