Рационал өрнектер

Рационал өрнектер және рационал бөлшектерді қысқарту

Бұл сабақ рационал өрнектерді түрлендіру тақырыбын тереңдетуге, білімді жүйелеуге және практикалық дағдыларды бекітуге бағытталған.

Сабақ түрі: бекіту Әдістер: СТО стратегиялары Блум таксономиясы Бағалау: критериалды, бағалау парақшасы

SMART мақсат

Сабақ соңында оқушылар рационал өрнектерді түрлендіру тақырыбы бойынша білімдерін тереңдетіп, жүйелеп жинақтайды.

Күтілетін нәтиже

Негізгі ұғымдар

  • Бөлшек өрнектің анықтамасын біледі.
  • Бөлшек өрнектерді бүтін өрнектерден ажырата алады.

Түрлендіру дағдылары

  • Рационал бөлшектерді қысқартуда көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің әртүрлі тәсілдерін қолданады.
  • Рационал өрнектерге амалдар қолдана алады.

Талдау және ойлау

  • Рационал өрнектерді түрлендірудің ерекшеліктеріне талдау жасайды.
  • Түрлендіру кезінде ойланып, негізделген бір шешімге келеді.

Алгоритм құрастыру

  • Рационал өрнектерді көпмүшеге түрлендіру алгоритмін құрастырады.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1 минут
  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Психологиялық дайындық: «Бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз?»
  • Бағалау парақшасымен таныстыру, критериалды бағалау ережелерін нақтылау.

Үй тапсырмасын тексеру

2 минут

Алдыңғы тақырып бойынша орындалған тапсырмалар талданып, жиі кездесетін қателер қысқаша түзетіледі.

Қызығушылықты ояту және білімді өзектендіру

7 минут

Миға шабуыл сұрақтары

  1. Қандай өрнекті бөлшек өрнек деп атайды? (Бөлімінде айнымалылары бар бөлшектер бөлшек өрнектер деп аталады.)
  2. Бүтін өрнектерді бір бағанға, бөлшек өрнектерді бір бағанға бөліп жазыңыз.
  3. Аталған бүтін және бөлшек өрнектердің барлығы қандай өрнектер тобына жатады?

Түсіну

5 минут

Талқылау

Рационал өрнектерді түрлендіруде қандай тәсілдер қолданылады? Жауаптарды дәлелмен келтіріп, мысалдармен толықтырыңыз.

Сәйкестендіру тапсырмасы

Негізгі ұғымдар мен түрлендіру тәсілдерін сәйкестендіру арқылы қысқа тест орындалады.

Автор туралы

Капалова Назым Беибитовна — Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Мелькомбинат негізгі орта мектебінің математика және физика пәні мұғалімі.