Қытай мемлекеті
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті, оның саяси құрылысы және діндердің таралуы туралы тарихи мәлімет беру.
Тәрбиелік
Еңбекке, жауапкершілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ой-пікір мен көзқарасты қалыптастыру, өз ойын еркін айтуға және тарихи оқиғаларды талдауға үйрету.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Зейінді сабаққа шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру: «Жапониядағы феодалдық құрылыс»
- 1. «Самурай» сөзі нені білдіреді?
- 2. Жапонияның саяси құрылымы қандай болды? «Сегун» дегеніміз кім?
- 3. Шаруалар көтерілісінің негізгі талаптары қандай болды? Халық жиналысы қандай мәселелерді шешті?
- 4. Жапон халқының ежелгі қолөнері несімен әйгілі болды?
- 5. Жапонияда бір орталыққа бағынған мемлекет құру үшін күрескен адамдарды атаңдар.
- 6. Жапонияның оқшаулану саясатын қалай түсінуге болады?
Ойын: «Математикалық қобдиша»
Тапсырма: есептің нәтижесін шығарып, шыққан санға сәйкес тарихи оқиғаны атаңдар.
Есептер
- 1) 1240 + (60 × 4 + 3) = ?
- 2) 15,2 × 100 + 12 = ?
- 3) (100 × 3 + 72,6) + 1280 = ?
- 4) 4400 × 0,5 − 7,72 × 100 = ?
Жауаптар (оқиғалар)
-
1483 жыл67 мың жапон семсері шетелге сатылды.
-
1532 жылКиото, Харимо, Исэ, Тайба қалаларында көтерілістер болды.
-
1592 жылЖапония Корея еліне екі рет жорық жасады.
-
1428 жылЖапониядағы шаруалардың ең ірі көтерілістері Киото маңында болды.
Үй тапсырмасын қорытындылау
Микадо
Ең жоғарғы билік иесі және жер иеленуші. Ел билігі мұрагерлікпен беріліп отырды.
Сегун
Микадоның бірінші министрі, әскери топтың басшысы әрі қолбасшы. Самурайларға жетекшілік етті; билік те мұрагерлікпен беріліп отырды. 1199 жылы үкімет билігі сегун Ходзэ Токисамаға өтті. Жапонияда әскери-феодалдық мемлекет қалыптасты.
3) Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспар
- 1) Қытай мемлекеті
- 2) Қытайдың саяси құрылысы
- 3) Діндердің таралуы
Қытайдың географиясы және шаруашылығы
Қытай жері Ұлы Қытай қорғанынан Оңтүстік Қытай теңізіне дейін созылып, сол дәуірдегі шаруашылығы жақсы дамыған өңірлерді — Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің аңғарын, сондай-ақ Сычуань және Шаньдун аймақтарын қамтыды.
Қытай елі күні бүгінге дейін «Жібек елі» деп аталады. Себебі мұнда жібек құртын өсіру дәстүрі ерте кезден қалыптасқан. Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы ірі сауда бағыты Ұлы Жібек жолы аталды.
Жер иелену және әулеттер
Жер иелігінің екі түрі болды: мемлекеттік меншік және үлестік меншік. 589 жылы Қытайда біртұтас феодалдық мемлекет құрылып, Янь Цзянь император болды.
Діндердің таралуы
Буддизм
IV–V ғасырларда Қытайда будда діні кең тарады. Буддизм Қытайға Үндістаннан келді. Дінді уағыздап, тарататын негізгі орталықтар — будда храмдары болды.
Даосизм
Біздің заманымыздың I ғасырында Қытайда даосизм діні тарай бастады. Оның негізін қалаушы — Чжан Лин.
Қытай туралы қысқаша деректер (қазіргі заман)
- Астанасы
- Бейжің
- Ең ірі қаласы
- Шанхай
- Ресми тілі
- Қытай тілі
- Ұлттық валютасы
- Қытай юані
- Халық саны
- 1 млрд 300 млн-нан астам
- Туы, елтаңбасы, әнұраны
- «Еріктілер маршы»
- Мемлекеттік құрылымы
- Социалистік республика
- Басшылық (мәтіндегі дерек бойынша)
- Төрағасы — Ху Цзиньтао, Премьері — Уэнь Цзябао
- Тілдік тобы
- Тибет тілдері тобына жатады
- Қолданылатын елдер
- Тайвань, Сингапур, Малайзия және т.б.
Қарапайым сөздер (мысал)
Сан атауларына берілген мысалдар: уо — бес, сыйчитхиа ай — төрт, сэн — үш.
4) Жаңа сабақты бекіту
«Кім жылдам?»
Жедел сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдарды қайталау.
Тарихи сынақхат
Тақырып бойынша қысқа тапсырмалар арқылы білімді тексеру.
Суретпен жұмыс
Карта және иллюстрациялар бойынша талдау жүргізу.
Қорытынды
Бүгінгі сабақта орта ғасырлардағы Қытай мемлекетінің аумағы, саяси құрылысы, әулеттері және діндердің таралуы туралы маңызды мәліметтер қарастырылды. Сұрақтарың болса, қоюға болады.
5) Бағалау
Сабақ қорытындысы бойынша оқушылардың жұмысы бағаланады, бағалар күнделікке қойылады.
6) Үй тапсырмасы
- 1) «Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті» тақырыбын оқу.
- 2) «Қытай мемлекеті» тақырыбына эссе жазу.