Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті

Бала – басты байлығымыз. Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі.

Әрбір мемлекеттің болашағы мектеп қабырғасында шыңдалады. Ертең ел тізгінін ұстайтын азаматтар — бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деген сөзі жарқын келешекке бастар бағытты айқындайды. Шын мәнінде, бүгінгі жас — ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті.

Негізгі ой

Жастардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты қалыптасуы мен әлеуметтенуі — ел дамуының аса маңызды факторы.

Тәрбие — игілік те, жауапкершілік те

Бала тәрбиесі — игілікті іс. Ол — берері де көп, сұрауы да зор, жемісі де мол ең өзекті сала. Халық даналығында «Ағаш түзу өсуі үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан бала бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, адамгершілік секілді құндылықтарды сіңіруде және өз-өзіне сенімділікке баулуда отбасы мен педагогтардың рөлі шешуші.

Ұл тәрбиесі

Бүгінгі ұл — ертеңгі әке. Ол әкеге қарап өседі, өнеге алады.

Қыз тәрбиесі

Бүгінгі қыз — ертеңгі ана. Ол анасына қарап бой түзейді, мінез қалыптастырады.

Мектеп–отбасы–қоғам: серіктестік қажет

Балаға білім мен тәрбие берудегі басты тұлға — ұстаз. Ал оны жалғастырып, қолдап, демейтін күш — ата-ана және қоғам. Мектеп өмірі мен оқушы тұлғасын әлеуметтендіру мәселесі серіктестік педагогиканы талап етеді. Мектеп, ата-ана және қоғам бірлесе әрекет еткенде ғана тәрбие үдерісі нәтижелі жемісін береді.

Ынтымақтың мәні

  • Ынтымақ бар жерде тәрбие нығаяды.
  • Ынтымақ бар жерде береке мен бірлік орнығады.
  • Қоғамдық тәрбие ең әуелі жанұядан басталады.

Жастардың рухани байлығы, жүрер бағыты, жасайтын ізгі істері, қалыптастыратын болашақ қоғамы — мұның бәрі тек мектептің ғана мәселесі болмауға тиіс. Бұл іске ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірлесе атсалысқанда ғана берік нәтижеге қол жеткіземіз.

Жезқазған қаласы №10 мектептегі жүйелі жұмыс

Мектеп–отбасы–қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, серіктестікті қалыптастыру және ата-аналар қауымымен бірлескен жұмысты жандандыру мақсатында Жезқазған қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебінде жүйелі әрі маңызды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі — «Бала – басты байлығымыз. Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі» тақырыбында өткізілген ашық есік күні.

Әке — білек, саусағы — балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана — тамыр, бойымен бәріне де…

Автор

Жолдыбаева Куляш Рахимовна

Жезқазған қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектеп директоры