Мәтіннен аңдардың сөзін тауып оқу
Сабақтың тақырыбы: «Көктем сәні» (презентация)
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдістер
- Сыни тұрғысынан ойлау
- Жеке және топтық жұмыс
- Бағалау әдісі
- Постер әдісі
Тапсырма көздері
- Жұппен және топпен жұмыс
- Сұрақ-жауап
- Сауалнама
Сабақтың мақсаты
- Ертегі мазмұны арқылы көктемгі табиғаттың жылылық ерекшелігін аңғарту. Қазақ халық ауыз әдебиеті жанрларымен таныстыруды жалғастыру.
- Ой-өрісті, тіл байлығын, шығармашылық ойлау қабілетін және әдеби дүниетанымды дамыту.
- Табиғатты қорғауға, әсемдікті түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Топқа бөлу
- Гүлдер
- Құстар
- Аңдар
Көңіл-күй ахуалын қалыптастыру
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Бір, екі, үш —
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
II. Өтілген материалды пысықтау
Өлеңдерді қайталау
Алдыңғы сабақта өткен «Жазғытұры», «Жазғытұрым» өлеңдерін жатқа сұрау.
Топтық жұмыс: «Жұптас – ойлан – бөліс»
- 1-топ: Абай — ұлы ақын
- 2-топ: Көктем қандай тамаша!
- 3-топ: Көктемгі табиғат
Графикалық диктант (иә/жоқ)
- М. Әуезов — қазақтың ұлы жазушысы.
- Шидем — ешкі жүнінен тоқылған сырт киім.
- Қ. Табей желтоқсан туралы жазды.
- Мамыр — қыс айы.
- Қоян — жыртқыш аң емес.
III. Жаңа сабақ
1) Қызығушылықты ояту
- Үнтаспадан «Көктем келді» әні қосылады.
- Тақтада көктем тақырыбына байланысты суреттер көрсетіледі.
Сұрақтар
- Айналамызға зер салайық: сіздер қандай көңіл күйдесіздер?
- Көңілдің көтерілуі қай жыл мезгіліне тән? Неліктен?
- Көктемгі табиғи өзгешелік қандай адамның мінез-құлқына тән?
- Сыныбымызда осындай мінез-құлықтағы оқушылар бар ма?
2) Топтық жұмыс: постер әдісі
Тақырып: «Көктем қандай тамаша!»
Постермен жұмыс жасайық,
Қызықтан қалыс қалмайық.
Топ болып қызық жарыста,
Намыспен топты қорғайық.
3) Мәтінді өз бетінше оқу және талқылау
- 1-топ: Ертегінің түрін анықтау және дәлелдеу.
- 2-топ: Мәтіннен Қызыл кітапқа енген жануарлардың сөзін тауып оқу.
- 3-топ: Мәтіннен аңдардың сөзін тауып оқу.
4) Мәтін бойынша сахналық қойылым
Оқиға желісі бойынша шағын рөлдік көрініс қою.
5) Шығармашылық тапсырма
Дәптерге өзіңіз таңдаған аңның суретін салып, оны бір сөзбен сипаттаңыз.
6) Толықтыру: «Мен — саған, сен — маған»
Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз.
- Сәуір болса, күн күркірер, …
- Наурыздан соң қыс болмас, …
- Көктемде бір тойдым, …
- Жазғытұрым жел жардай, …
- Мезгілі жетсе, …
7) Сызбамен жұмыс
Топтастыру: «Көктем сәні».
IV. Сабақты бекіту
- Қандай шығармамен таныстық?
- Шығарма қай жанрға жатады?
- Кейіпкерлері кімдер?
- Ертегі ұнады ма? Несімен ұнады?
- Жыл мезгілдерінің ішінде қайсысы ұнайды? Неліктен?
V. Бағалау
Оқушылардың өзін-өзі бағалау үдерісін ұйымдастыру.