Махамбет қызғыш құсқа
Сабақ мақсаты
Білімділік
«Қызғыш құс» өлеңіндегі негізгі ойды және өлеңнің туу себептерін түсіндіру.
Тәрбиелік
Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу; ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу; қызығушылық пен ізденімпаздық қабілеттерін арттыру.
Дамытушылық
Әдеби дүниетанымды кеңейту, пәнге қызығушылықты күшейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, баяндау, талдау, түсіндіру
- Топтық жұмыс, топтастыру стратегиясы
- Жалғастыра оқу, мәнерлеп оқу
Сабақ форматы
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті, би-шешендер суреті, сызба-кестелер.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, биология, география.
Сабақ құрылымы
- I Ұйымдастыру кезеңі
- II Үй тапсырмасын тексеру
- III Жаңа сабақ
- IV Бекіту және қорытынды
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Үй тапсырмасы М. Мақатаевтың «Соғыс» өлеңін жатқа айту және мәтінмен жұмыс арқылы қорытындыланады (8 оқушы).
1-топ: Исатай бейнесі және бейнелі сөздер
Өлеңнен Исатайдың тұлғасын, мінген атын суреттейтін жолдарды табу; бейнелі сөздерді анықтау.
Үзінді:
Исатай – басшы, мен – қосшы,
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында,
Зығырданы қайнайды.
Астына мінген Ақтабан
Ақбөкендей ойнайды...
2-топ: Тіркестердің мағынасын түсіндіру
Өлеңдегі төмендегі тіркестердің мәнін ашу:
- «Зығырданы қайнау», «түніменен түйіну», «таң атқанша тарану»
- «Он екі тұтам жай тартқан», «қабырғасын қақыратқан»
- «Тебінгісін тесе атқан», «тізгінінен кесе атқан»
3-топ: Өлең құрылысына талдау
Буын саны мен ұйқас ерекшелігін анықтау.
4-топ: Шығармашылық жұмыс
Тақырыптардың біріне эссе жазу:
Қорытынды тыңдалым
Үй тапсырмасы М. Мақатаевтың «Соғыс» өлеңін Мекенов Әлидің мәнерлеп оқуымен қорытындыланады.
Жаңа сабақ: «Қызғыш құс» өлеңіне кіріспе
Мұғалім сөзі
Исатай қазасынан кейін Махамбет түңілу мен жалғыздық күйін кешеді. Қарулы жасақтың көпшілігі тарап, бытырап кеткен қолды қайта жинау қиынға соғады. Ақын ел ішінде бой тасалап жүреді. Халық адал ұлын хан баласына сатпайды.
Өмірінің соңғы айларында Махамбет отбасымен Қараойды мекендейді. Дәл осы кезеңде «Қызғыш құс» өлеңі дүниеге келеді.
Ой қозғау
«Қызғыш құсты көргендерің бар ма?» деген сұрақ арқылы әңгіме басталады. Интерактивті тақтадан құстың суреті көрсетіліп, қысқаша мәлімет беріледі.
Қызғыш — балықшылар тобына жататын құс. Дене тұрқы шамамен 30 см, салмағы 200 г. Мойны мен жемсауы қара, жасылдау жылтыр; бауыры мен екі бүйірі ақ. Қанаты жалпақтау әрі доғалдау, тұмсығы түзу және қысқа. Шүйдесінде қара қауырсын айдары болады.
Мәтінді қабылдау және алғашқы сұрақтар
Өлең мәнерлеп оқылады. Сәл үнсіздіктен кейін талқылау сұрақтары қойылады:
- Өлеңде не туралы айтылды?
- Ақынның негізгі айтпақ ойы қандай?
Тақырып, идея және лирикалық кейіпкер
Тақырып
Исатайдан айырылып, жалғыз қалған ақынның мұңы.
Идея
Елі үшін еңіреген ерді осындай күйге түсірген күш — Жәңгір ханның озбыр саясаты.
Лирикалық кейіпкер
Ақынның өзі.
Кілтті үзінді (психологиялық параллелизм):
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен,
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен...Бұл жолдарда қызғыштың көлсіз тіршілігі болмайтыны сияқты, ақынның да туған елінсіз, топырағынсыз өмірі мәнсіз екені айқын сезіледі. Ақын қызғыш құсқа мұңын шағып, өз тағдырын құстың күйімен салыстырады.
Салыстыру арқылы ашылатын ішкі күй
Ақын қызғыш құсқа: «Қанатың қатты, биік самғайсың, бірақ әлсізсің» деген ишара арқылы өз хәлін танытады: өзі де қуатты болғанымен, арқа сүйеген тірегінен — басшысынан айырылып, сергелдеңге түскенін жеткізеді. Мақсат орындалмай, дағдарысқа түскен шақтағы көңіл күйі осылайша символ арқылы беріледі.
Лашын бейнесі және тарихи-психологиялық астар
Өлеңдегі астар
Ақынның айтуынша, қызғыш қанша самғаса да, көлсіз өмір сүре алмайды — бәрібір көліне қайтуды аңсайды. Бірақ жыртқыш лашынның кесірінен көліне жолай алмайды. Ақын да дәл солай: залым Жәңгірдің қысымынан елінен бөлініп, қуғын-сүргінді бастан кешеді.
Мұнда патша үкіметі мен хан билігінің қаталдығы, аяусыз жазасы, азабы көрген жолдастардың тағдыры еске алынады. Исатай өлімінен кейін ақынның сағы сынып, өкініштен өзегі өртенеді.
Қысқаша мәлімет: лашын
Лашын — тепкіні қатты, тегеурінді жыртқыш құс. Сұңқарлар отрядына жатады. Дене тұрқы 40–50 см, қанат құлашы 80–120 см, салмағы 500–1000 г.
«Қызғыш құс» — көп күнгі құсалықтың бірінде көмейден у болып төгілген ақын мұңы.
Топтық жұмыс және көшбасшылар сайысы
Топтарға тапсырма
Әр топқа тапсырмалар слайд арқылы ұсынылады. Оқушылар дайындалғанша, топ басшылары арасында шағын сайыс өткізіледі.
Топ басшыларының сайысы
Жүргізуші: Құралай
- 1-тапсырма: Махамбет туралы сұрақтарға жауап беру
- 2-тапсырма: ақындардың Махамбет туралы өлеңдерінен үзінді оқу
Оқушылар: Әли, Дарын, Алуа, Әнуар
Жинақтаушы: Ілияс (қорытынды жасайды)
Бекіту, қорытынды және үй тапсырмасы
Сабақты бекіту
- Мұхтар Шахановтың «Байқаймысың» өлеңі
- Набидоллаев Шілтен: «Махамбетке хат» (Жақанова Назерке)
Сабақты қорытындылау
- Сөзжұмбақ шешу
- Мақал-мәтелдер арқылы ой түю
Үйге тапсырма
- 1 Махамбет Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңін жаттау.
- 2 Ерлік, батырлық туралы ойтолғау жазу.