Сан есімнің есептік, реттік түрін ажырата білу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Сан есім туралы бұрын алған білімдерін қайталау және еске түсіру.
- Сан есімнің есептік және реттік түрлерін ажырата білу.
- Сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылық
- Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыра білу дағдысын дамыту.
- Реттік сан есімнің жұрнақтарын ажырата білу білігін жетілдіру.
Тәрбиелік
- Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты әрі көркем жазуға баулу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, тірек-сызба, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру: психологиялық дайындық
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
II. Өткен сабақты пысықтау
Сұрақтар
- Сын есім дегеніміз не?
- Сын есімге қандай сұрақтар қойылады?
- Сын есім қай сөз табымен тығыз байланысты?
Сызбамен жұмыс: «Сын есім»
Сұрақтары
Қандай? Қай?
Құрамы
Дара, күрделі
Түрі
Негізгі, туынды
III. Жаңа сабақ
Ой қозғау
Заттың санын білдіретін сұрақтар
Неше? Қанша?
Заттың ретін білдіретін сұрақ
Нешінші?
Тірек-сызбаны пайдаланып, ереже шығару.
1) Жұмбақ шешу
Алты аяқты,
Төрт құлақты,
Қос ауызды,
Төрт көзді —
Қыр кезді.
Шешуі
Аттылы адам.
2) Дәптермен жұмыс
- Бүгінгі тақырыпты жазу.
- Көркем жазу: Ж ж Ж ж
3) Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
Орындау барысында сан есімдердің зат есіммен байланысатынын еске түсіру.
2-жаттығу
Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жазу.
Ереже: дауысты дыбысқа аяқталған сан есімдерге -ыншы, -інші жұрнақтары жалғанады.
4) Парақшалармен жұмыс
Керісінше, сөзбен берілгендерді цифрмен жазыңдар:
Тәулік
Сағат
Мүшел
Жарты
Тәуліктің жартысы
3-жаттығу
Берілген сурет бойынша сөйлем құрастыру. Есептік сан есімді және оған қойылатын сұрақтарды (неше? қанша?) қайталау.
5) Сергіту сәті
Он, жиырма, тоқсан, жүз,
Тойлаймыз ата тойын біз.
Ғабит ата өзіңдей,
Біз жазушы боламыз.
Жазған аңыз, ертегіңді
Ынта қоя оқимыз.
Ойымызға тоқып біз,
Ер жетеміз, өсеміз.
Тапсырма
Өлең ішінен сан есімдерді тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар.
6) Ойын: «Кім тапқыр?»
Мұғалім мақалды дауыстап оқиды. Түсіп қалған сөздің орнына қажетті сан есімді оқушы тез тауып айтуы керек.
- … ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
- … теңгең болғанша, … досың болсын.
- … кісінің түсін білгенше, … кісінің атын біл.
- Білекті … жығады, білімді … жығады.
7) Бекіту: тірек-сызбамен жұмыс
Сұрақтар
Қанша? Неше? Нешінші?
Құрамына қарай
Дара, күрделі
Мағынасына қарай
Есептік, реттік
8) Қорытындылау
Қазақша апта күндерін реттік сан есімі бар тіркестер түрінде жазыңдар.
Үлгі
Дүйсенбі — бірінші күн
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
III. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен жұмыс нәтижелері бойынша бағалау жүргізіледі.
IV. Үй тапсырмасы
- 5-жаттығу: сан есімдерді сөзбен жазып, мағыналық түрлеріне қарай ажырату.
- Ережені жаттау.