Бұйрық рай тобына
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сынып
- 7-сынып
- Сабақтың тақырыбы
- Етістіктің райларын қайталау
- Сабақтың типі
- Білік пен дағдыны жүйелеу, жинақтау сабағы
- Сабақтың түрі
- Дамыта оқыту технологиясы
- Оқыту әдісі
- Практикалық әдіс
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет, тарих
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Етістіктің райлары бойынша алынған теориялық білім деңгейін бақылау.
Міндеттері (білімділік)
Етістіктің райларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу.
Міндеттері (дамытушылық, тәрбиелік)
- Етістіктің райлары туралы білімді жүйелеу, жинақтау, талдау жұмыстарын жүргізу.
- Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке және туған жерді сүюге тәрбиелеу.
Негізгі ұстаным: сабақ бойы оқушылар рай түрлерін ажыратады, сөйлемді түрлендіреді және мәтін бойынша талдау жасайды.
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қалау райдың жасалу жолын сұрау және мысалдармен дәлелдету.
Тексеру:
180-жаттығу.
-
III. Актуалдау кезеңі
Жаттығудағы «Ұлық болсаң, кішік бол» мақалындағы бағыныңқы сыңардың қай райда тұрғаны талданады.
- Етістіктің рай категориясы неше топқа бөлінеді?
- Рай түрлері қалай жасалады?
-
IV. Жаңа сабақ
Етістіктің райлары қайталанады. Әр райдың жасалу жолдары оқушылармен бірлесе отырып еске түсіріледі.
Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Топтарға рай атаулары беріледі. Тапсырмаларға қарай топ атаулары өзгеріп отырады. Топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмыстарын тексеріп, уақытында бағалап отырады.
-
V. Дамыту кезеңі
1) 181-жаттығу: сөйлемдерді райға қарай түрлендіру
Мәтіннен етістіктер теріліп жазылады. Ашық райлы сөйлем түрлерінің қалай жасалғаны айтылады. Әр топ сөйлемдерді өздеріне берілген райға сәйкес айналдырады.
Ашық рай
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын.
Ауыспалы өткен шақ.
Бұйрық рай
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын.
II жақ, анайы түрі.
Қалау рай
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болса игі еді.
Ескерту
Бұл сөйлемдерді шартты райға айналдыру мүмкін болмағандықтан, шартты рай тобына төмендегі сөйлемдер ұсынылады:
Жылаған шешемен бірге жыласа, жігіттің жігіт болғаны қайсы, өйтсе, кісі уәдеден шыға ала ма?
Жылаған шешемен бірге жылап, жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласының жылағанын көрген соң, үйде қалған ананың көзінен жас кете ме, көкірегінен сағыныш-қасірет кете ме?
2) 182-жаттығу: теріп жазу және ойтолғау
Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, қалау рай, ашық рай, бұйрық райдағы сөйлемдерді теріп жазады. Мәтінде шартты рай болмағандықтан, шартты рай тобына қосымша сөйлемдер беріледі:
Түстік өмірің болса, кештік мал жина.
Не ексең, соны орасың.
Топтағы қалған оқушылар «Бақытты болу деген не?» тақырыбында ойтолғау жазады. Жұмыстар тексеріліп, сөйлемдер рай түрлеріне қарай талданады.
3) Жеке, жұптық және топтық тапсырмалар
Әр топқа мәтіндер беріліп, етістіктер райына қарай табылып, түрлендіріледі.
Ашық рай тобы
Түрлендіру: бұйрық райШалқар — адалдық пен адамдықтың, кісіліктің алдында тік тұратын, қыздарын қыз деп қана қоймай, қыз бала деп сыйлайтын, екіжүзділікті өлімнен де жаман деп қабылдайтын жандары таза халқы бар қалашық.
Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды.
Машинаның қарасы көрінбей кетісімен, Маржан үстіне өзіне ұнайтын, ұсақ ақ гүлдері бар көйлегін киіп, шашын төбесіне түйіп, есікті кілттеп, далаға шықты.
Тапсырма
Берілген мәтіндерден етістіктердің шақ түрін анықтап, бұйрық райға айналдыру.
Шартты рай тобы
Түрлендіру: ашық райҚарадан хан болсам, халқым қалаған болар, айырдан нар болсам, атам жараған болар, көнеден дәурен озса, жасы жетуден болар, көнеден қамқа тозса, дәурені кеткен болар.
Ер жігіт айтпайды. Айтса, қайтпайды.
Оқи берсең, көзің ашылады; отыра берсең, жалқаулық басынады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді; төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
Тапсырма
Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып, ашық райға айналдыру.
Бұйрық рай тобы
Түрлендіру: қалау райАрлы-ожданды бол! Намысыңды жастан сақта! Халқыңды алалама! Жақыныңды жаралама!
Құдай жарылқасын, бай қылсын, төрт түлігіңді сай қылсын!
Малды теппе, ақты төкпе.
Есікті қатты қақпа, қатты серпіп жаппа.
Кетпес дәулет берсін, кең пейіл берсін.
Тапсырма
Сөйлемдерден бұйрық райлы етістіктерді тауып, қалау райға айналдыру.
Қалау рай тобы
Түрлендіру: шартты райДұғай сәлем бергейсің, ағам Есет беренге. Бекет қайда дегенге, Бекет кетті дегейсің, шықпайтұғын тереңге.
Гүлі сұлу орманды сусатпағым келеді. Жүзі жылы жандарды құшақтағым келеді.
Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі. Өзіне келер ұлын өзі билеп тұрса игі.
Тапсырма
Мәтіндерден қалау райлы етістіктерді тауып, шартты райға айналдыру.
Көп нүктенің орнын толтыру
Досы көпті... Елдің атын... Айтпас жерде сөзіңді... Өнерлі жан өрге...
Көп нүктенің орнына тиісті қалау райлы етістікті қойып, көшіріп жазыңдар.
4) «Қазымыр» ойыны
Әр топтан бір оқушы тұрып, келесі топқа сұрақ қояды. Сұраққа басқа оқушылар да жауап бере алады.
-
VI. «Түйін түю» стратегиясы
Топ басшылары өз топтарының рай түрлерінің жасалу жолдарын стрелка пішініндегі қағазға толтырып, тақтадағы «рай» сөзінің айналасына ретімен іледі.
-
VII. Үй тапсырмасы
183-жаттығу. Рай түрлерін қайталау.
-
VIII. Бағалау
Оқушылар топ басшыларының бағалау парақтары негізінде бағаланады.