Бишінің зейнеткерлік жасы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сынып
10-сынып
Сабақтың тақырыбы
«Өнер жұлдызы — Шұғыла Сапарғалиқызы»
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың формасы
Топтық және жеке жұмыс
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, сөздік жұмысы, эвристикалық және практикалық тапсырмалар
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, өнер
Оқыту технологиялары
АКТ, модульдік
Көрнекіліктер
Сабаққа кіріспе сөз, тесттер, бағалау парағы, карточкалар, оқытудың техникалық құралдары

Сабақтың мақсаты

  1. 1

    Қазақстанның мәдениет қайраткері, Халық әртісі, биші Шұғыла Сапарғалиқызы туралы мағлұмат беру.

  2. 2

    Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерте отырып, оқушылардың сөздік қорын байыту және қарым-қатынастық біліктілігін арттыру.

  3. 3

    Бишінің өмір жолы арқылы «Өз еліңде туың тік» және «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» мақалдарының мағынасын түсіндіріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Бағыт беру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу және сабаққа бейімдеу.
  • Сабақтың кіріспе сөзімен таныстыру.
«Туғанда адам баласының бәрі бірдей болады. Оларды ерекшелендіретін бір-ақ нәрсе — білім.»
Хадистен

Іске асыру кезеңі

1) Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша білім деңгейі анықталып, негізгі ұғымдар қайталанады.

2) Жаңа сабақпен таныстыру

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты нақтылап айтылады, күтілетін нәтижелер белгіленеді.

3) Мәтінмен жұмыс: Шұғыла Сапарғалиқызы

Осыдан он жыл бұрын ғана Шұғыла Сапарғалиқызы есімі Қазақстанда көпшілікке кеңінен таныс емес еді. Ал Қытайдың ең ірі қалаларының көшелерінен әртүрлі ұлттық киім киген, күлімсірей қараған қазақ қызының суретін жиі кездестіруге болатын. Ол өнерімен күн асты елін тәнті етті.

Шұғыла Сапарғалиқызы Қытай Халық Республикасының әртісі атанып, мемлекеттік би ансамблінің бишісі болды. 2000 жылы Қазақстан Президентінің арнайы шақыруымен тарихи Отанына оралды.

Бір жарым миллиардқа жуық халқы бар мемлекетте жұлдызға айнала тұра, тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосу үшін бәрін артқа тастап, Қазақстанға келді. Бүгінде ол Күләш Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының балетмейстері, сондай-ақ «Ұлан» президенттік оркестрінің бишісі. Үш баланың анасы.

«Мені таңдандыру, тамсандыру өте қиын. Алайда, Шұғыланың биіне мен таңдай қақтым», — деген екен.
Ермек Серкебаев

Мың бұралған биімен халықтың ықыласына бөленген Шұғыла Сапарғалиқызы Қазақстанның мәдениет қайраткері және Халық әртісі атақтарының иегері.

Оқу әрекеті

  • Мұғалім мәтінді оқиды, оқушылар түсініксіз сөздерді белгілеп отырады.
  • Сөздік жұмысы жүргізіледі және сұрақтарға жауап беріледі.

Сөздік

күн асты елі
Поднебесная страна
тәнті етті, таңдандырды
Удивил(-а)
мың бұралған
Чарующий
тамсандыру
Очаровать
есесіне
Зато

4) Тапсырмалар

А) Сөз құрамына талдау (I топ)

Мәтіндегі сөздерді сөз құрамына талдаңыз:

  • көшелерінен
  • өнерімен
  • елін
  • Отанына
  • ансамблінің

Ә) Сәйкестендіру (II топ)

Бағандар бойынша берілген сөйлем бөліктерін сәйкестендіріңіз.

Сол жақ баған

  1. 1. Шұғыла ата-анасымен бірге Қытайдың...
  2. 2. Бесінші сыныпта оқып жүрген кезінде...
  3. 3. Құлжа қаласында тұрды.
  4. 4. Пекин қаласында хореографиялық мектепке оқушылар қабылдайды деген хабарламаны оқиды.

Оң жақ баған

  1. 1. оның экономист, дәрігер немесе ұстаз болуын қалады.
  2. 2. алып қала Пекинге жол тартты.
  3. 3. сынақтан сүрінбей...
  4. 4. Шұғыланың математика пәніне деген ықыласын ескерген ата-анасы...

Б) Тіркесті септеу

«өнер жұлдызы» тіркесін септеңіз (тақтада). Қалғандары — сөйлем түрінде аяқтайды.

В) Карточкамен жұмыс

Араластырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз:

  1. Астанада Л. Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университетінің жанынан би мектебін ашты.
  2. Бишілердің зейнеткерлік жасы — отыз сегіз.
  3. Сахна жұлдызы бір өнерді аз санап, кейде ән де салады.

Г) Синтаксистік талдау

«Өмірдің өзі — би. Оның көркем болуы әркімнің қабілеті мен шеберлігіне байланысты.»

Ш. Сапарғалиқызы

Қорытынды кезеңі

Тест тапсырмалары

  1. 1. Ш. Сапарғалиқызы жұмыс істейтін опера және балет театры:

    A) Күләш Бәйсейітова атындағы    B) Абай атындағы

  2. 2. «Қыз Жібек» операсындағы Жібек партиясын орындаған әнші:

    A) Роза Рымбаева    B) Мақпал Жүнісова    C) К. Бәйсейітова    D) Роза Бағланова

  3. 3. 1938 жылы қойылған қазақтың тұңғыш балеті:

    A) Айман — Шолпан    B) Қыз Жібек    C) Еңлік — Кебек    D) Қалқаман — Мамыр

  4. 4. «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі қашан құрылды?

    A) 1934    B) 1986    C) 1957    D) 2000

  5. 5. Астанада Л. Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университетінің жанынан ашылған би мектебі қалай аталады?

    A) Шашу    B) Алтынай    C) Шұғыла    D) Мақпал

  6. 6. Бишінің зейнеткерлік жасы:

    A) 45    B) 58    C) 35    D) 38

  7. 7. Шұғыла қайда білім алды?

    A) Пекин    B) Астана    C) Алматы    D) Мәскеу

  8. 8. «Құштар көңіл» кітабының авторы:

    A) М. Мақатаев    B) О. Сүлейменов    C) Қ. Бәйсейітова    D) Ғ. Мүсірепов

  9. 9. Шұғыланың ата-анасының мамандықтары қандай?

    A) дәрігер    B) экономист    C) биші    D) мұғалім

  10. 10. Шұғыла қай жылы тарихи Отанына оралды?

    A) 2000    B) 2005    C) 2005    D) 1991

Бағалау

Оқушылардың жауаптары бағалау парағы арқылы қорытындыланады.

Үй тапсырмасы

«Би өнерінің жұлдызы» тақырыбында диалог құрастыру.