Балалар суретке назар аударайықшы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Негізгі мәліметтер
- Топ
- II екінші кіші топ
- Білім беру саласы
- Шығармашылық
- Бөлімі
- Сурет салу
- Тақырыбы
- Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр
Мақсаты
-
Балалардың жыл мезгілдерінің өзгерісіне назар аударуын қалыптастыру; қоршаған ортадағы үйлерге, ағаштарға, жерге қардың қалай жауатынын бақылауға үйрету.
-
Түстердің үйлесімділігіне мән беруге дағдыландыру.
-
Таяқшаларды пайдаланып қар салу тәсілін меңгерту.
-
Табиғат тіршілігіне жауапкершілікпен қарауды және қоршаған ортаны қорғауға қатысты жоғары адамгершілік сезімдерін дамыту.
Ынталандыру және сезімді ояту
Қуаныш шеңбері
Қонақ күту салтымыз,
Оқып-біліп жатырмыз.
Келген қонақ, сізге
Сәлем бердік бәріміз.
Жалқаулықты тастайық,
Сабақта біз бастайық.
Білім жолымен жүрейік,
Қиындықтан қашпайық.
Жақсы, балалар! Енді орындарымызға отырайық. Бүгін біз алғашқы қар туралы ойымызбен бөлісеміз.
Суретпен жұмыс және әңгімелесу
Сұрақтар
-
1
Бұл суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
-
2
Қыста қандай өзгерістер болады?
-
3
Суретте қандай заттардың үстіне қар жауып қалған?
Өте тамаша! Қыс мезгілі сендерге ұнай ма? Қыс — өте қызықты мезгіл: айнала аппақ болып, тып-тыныш күйге енеді. Біз шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз.
Шығармашылық жұмыс: сурет салу
Бүгінгі тапсырма
Бүгін бұлттан жапалақтап түсіп жатқан қарды қылқаламмен, ал жерде жатқан қарды таяқшамен бейнелейміз.
Ережелер
-
Бір-бірімізге бөгет жасамаймыз.
-
Жұмысты ұқыпты орындаймыз.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалысқа арналған өлең
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
Күннен шуақ алайық,
Алақанға салайық.
Күн шуағын апайларға сыйлайық!
Балалар, қолдарың шаршап қалды ма? Ендеше, сергіту сәтін бірге орындайық.
Тәрбиеші
Ракишева Асем Кумарбековна
Тақырыбы: «Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр»