Балаларды жаңа технологияны қолдану арқылы ертегінің мазмұнын айта білуге үйрету

Ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балдырған» балалар бөбек бақшасының тәрбиешісі — Кошкинбаева Гульнар Олжабайқызы. Жұмыс ортаңғы топқа арналған.

Күні
09.12.2015
Білім беру саласы
Қатынас, таным
Бөлімі
Көркем әдебиет, Қ.М.Т.Қ.

Тақырыбы

Орыс халық ертегісі «Үйшік» мәтінін модельдік технология арқылы меңгерту.

Мақсаты

  1. Жаңа технологияны қолдана отырып, ертегінің мазмұнын айтып беруге үйрету; пішіндердің көлемін және түстерін ажырату.
  2. Мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге, өз түсінігін нақты жеткізе білуге дағдыландыру.
  3. Аңдардың мінез-құлқын бағалау арқылы жұмбақтарды шешуге ынталандыру; достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
  • ТРИЗ элементтері

Көрнекіліктер

  • Кейіпкерлердің суреттері
  • Пішіндер (үлгі-фигуралар)

Мотивациялық-қозғаушы кезең

«Шаттық шеңбері»

Тәрбиеші балаларды жылы атмосфераға жинақтап, сәлемдесу өлеңін бірге айтады:

Сәлем дейміз достарға, Сәлем дейміз құстарға, Сәлем дейміз қонақтарға, Сәлем дейміз апайға. Үлкенге де — сіз, Кішіге де — сіз. Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз!

Тосын сый

Есік қағылып, топқа ойыншық қоян кіреді. Балалардың қызығушылығын ояту үшін шағын диалог ұйымдастырылады.

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сұр қоянмын.

Қоян: Мен қайда келдім?

Балалар: Сен «Болашақ» тобына қонаққа келдің.

Тәрбиеші: Сен қай ертегіден келдің?

Қоян: Мен «Бауырсақ», «Қоянның үйшігі», «Үйшік» ертегілерінен келдім.

Қоян: Жақсы, балалар, мен барып тонымды ауыстырып келейін.

(Қоян секіріп шығып, қайтадан топқа кіреді.)

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Ескерту: Берілген материал үзінді түрінде берілген.