Ақпараттандыру технологиясы - заман талабы

Түсінік хат

Қазіргі кезде қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшті. Бұл — ақпараттық кезең: компьютерлік техника және оған байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) педагог қызметінің барлық саласына еніп, күнделікті жұмыстың табиғи ортасына айналды.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, ұлттық ойлау қабілетіне, білімі мен іскерлігіне тікелей байланысты. Сондықтан білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге ұмтылу — түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, шығармашылық бағыттағы, өз болмысын таныта алатын тұлға тәрбиелеуді талап етеді.

Өзектілігі

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сай оқушылар ақпараттық қоғам жағдайына бейімделуі, компьютерлік бағдарламаларды сауатты меңгеруі, өз бетімен жұмыс істей алуы, жобалар әзірлеп, оларды қорғай білуі қажет.

АКТ ұғымымен байланысты бағыттар

  • Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары
  • Қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары
  • Компьютерлік оқыту технологиялары және т.б.

Мақсаты

Оқушыларға дүниежүзілік ақпараттандыру әлемі туралы тұтас түсінік беру, ақпарат алу жүйесін меңгерту және өзіндік ақпараттық өнім жасау қабілеттерін дамыту. Ақпараттық технология қарқынды дамыған кезеңде жаңа техниканы игерген, компьютерлік сауатты, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға қалыптастыру.

Міндеттері

  • Информатика пәнін жүйелі оқыту әдістерін қарастыру
  • Ақпарат алу, өңдеу, жаңа ақпарат жасау және сақтау туралы жүйелі танымды қалыптастыру

Ғылыми-әдістемелік деңгейі

Жаңа курс оқушыларды ғылыми ізденіске бағыттайды: алғашқы ғылыми ой тұжырымдары қалыптасып, еңбекке, өмірге және өндіріс саласына даярлық күшейеді. Оқушының тұлғалық қасиеттері жан-жақты дамиды.

Жаңашылдығы

Бүгінгі таңда білім мазмұны терең өзгеріп отыр. Қазақ мектебінде білім беруді әлемдік деңгейге көтеруге ықпал ететін бұл курс информатика оқулығына қосымша материал ретінде енгізіледі.

Ғылымилығы

Бағдарлама информатика пәніне қосымша ретінде қолданылып, оқушылардың жаңғыртушылық және шығармашылық қабілеттерін дамытады: жоспарлау, тапсырманы өз бетімен орындау, жоба дайындау және қорғау дағдыларын қалыптастырады.

Күтілетін нәтижелер

Бейімделу

Ақпараттық қоғам жағдайына бейімделеді.

Мәдениет

Ақпараттық мәдениетке тәрбиеленеді.

Дағды

Ақпараттық технологияларды меңгереді.

Кәсіптік бағдар

Мамандық таңдауға бағыт алады.

Практика

Практикалық жұмыстарға бейімделеді.

Даму

Өзін-өзі дамыту қабілеті артады, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады.

Қолдануға байланысты ұсыныстар

Бағдарламаны 9-сыныпқа қосымша білім беру курсы ретінде қолдануға болады.

Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушылар білуі тиіс

  • Интернет желісінің ұйымдастырылу принциптерін
  • Чаттар, форумдар, ICQ қолдануды
  • Электрондық үкіметті (eGov) пайдалануды
  • Электрондық поштамен және браузер арқылы жұмыс істеуді
  • HTML тілінің негіздерін
  • Web-графиканы қолдануды

Оқушылар меңгеруі тиіс

  • Интернет желісіне қосылуды
  • Mozilla Firefox браузерін қолдануды
  • Интернет-банкинг қызметтерін пайдалануды
  • Веб-бетке суреттерді орнатуды

Диагностикалау және бағалау

Мақсатты тексеру бағыттары

  • Интернетпен танысу және оны өмірде орынды қолдану туралы нақты білім қалыптастыру
  • Ғылымды практикамен ұштастыру
  • Алынған материалдың іс жүзіндегі маңызын түсіну

Бағалау өлшемдері

Тест Бақылау Анализ Оқу процесіндегі іс-әрекет Реферат Өзіндік зерттеу Ғылыми жоба Ғылыми-практикалық конференция Сараптау жұмыстары

Бағдарлама мазмұны

Курс мазмұны «Ақпараттандыру технологиясы — заман талабы» тақырыбын қамтиды. Жаңа білім көбіне практикум сабақ, диалог-сабақ, пікірлесу, талқылау және кеңес сабақ форматтарында беріледі.

Практикалық практикумдар

10

Қорытынды сабақтар

3

Жүктеме

34 сағат

  1. 1. Кіріспе

    Информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздігі

  2. 2. Интернет желісінің ұйымдастырылу принциптері

  3. 3. Интернет ауқымды желісінің сервистері

  4. 4. Интернет желісіне қосылу

  5. 5. Mozilla Firefox

    WWW-ке арналған браузер

  6. 6. World Wide Web

    Іздестіру жүйелері

  7. 7. Чаттар, форумдар, ICQ

  8. 8. Электрондық үкімет (eGov)

  9. 9. Интернет-банкинг

  10. 10. IP-телефония

  11. 11. Қашықтан орнату

  12. 12. Электрондық поштамен

    Браузер арқылы жұмыс істеу

  13. 13. HTML тілінің негіздері

  14. 14. HTML тегтері

  15. 15. Тег атрибуттары

  16. 16. HTML элементтері

    Гипермәтіндік сілтеме

  17. 17. Web-графика

  18. 18. Суреттерді орнату

  19. 19. Гипермәтін және гиперсілтеме

    Фреймдер құру

  20. 20. Форма

  21. 21. Метатегтер

Мұғалімге арналған әдебиеттер

  • Интернетке кіріспе (әдістемелік құрал)

    Алматы, 2004

  • Информатикадан 30 сабақ

    Б. Б. Бөрібаев, Е. Қ. Балапанов, А. Б. Дәулетқұлов — Алматы, 2004

  • «Интернет желісі» және «Информатика» журналдары

  • Электрондық оқулық