Буылтық құрттар
Пәні: Биология (7-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Сабақ типі
Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс
География, валеология
Құрал-жабдықтар
- Тест тапсырмалары
- Жұмыс тапсырмалары
- Слайдтар
Әдістемелік шешім
- Дәріс
- Мұғалімнің түсіндіруі (әңгімелеу)
- Көрнекі құралдарды көрсету
- Өзіндік жұмыс
Сабақтың мақсаты
- Буылтық құрттардың негізгі ерекшеліктері туралы мәлімет беру және олардың өкілдерінің тіршілік әрекеттерін түсіндіру.
- Тақырыпты меңгерту арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту.
- Оқушыларды жекелей және жауапты түрде жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа психологиялық және ұйымдастырушылық тұрғыдан дайындау.
II. Білімді тексеру және өзектеу
1) Қайталау
«Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері» тақырыбын мазмұндау.
2) Терминдермен жұмыс
3) Сұрақтар
- Тип неліктен «жұмыр құрттар» деп аталады?
- Жұмыр құрттар типін неге «алғашқы қуыстылар» деп атайды?
- Жұмыр құрттар типіне қандай кластар жатады?
III. Жаңа материалды меңгеру
Жоспар
- Негізгі ерекшеліктері
- Көпқылтанақты құрттар
- Азқылтанақты құрттар
- Сүліктер
Буылтық құрттар — денесі шұбалаңқы, екі жақты симметриялы жәндіктер. Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұл топ буылтық құрттар типі деп аталады. Шамамен 9 мыңға жуық түрі теңіздерде, тұщы суларда және құрлықта таралған.
Тип бірнеше класқа жіктеледі. Түрлердің басым бөлігі үш класқа біріктіріледі: азқылтанақты құрттар, көпқылтанақты құрттар және сүліктер.
Дене құрылысының басты белгілері
- Буылтық құрттардың денесі үш қабаттан тұрады.
- Дене қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік соңғы қуыс — целом деп аталады.
- Целом әр буылтықта қайталанып отырады; буылтықтар перделер арқылы бөлінеді.
- Ауыз және аналь тесігі бар ішек бүкіл денені бойлай созылады.
Жүйелер және қозғалыс
- Жүйке жүйесі: құрсақтық жүйке бағанасы.
- Қанайналым жүйесі: ең алғашқы тұйық қанайналым жүйесі қалыптасқан.
- Дененің екі қапталындағы әр буылтықта қылтанақты өскіндер — параподиялар орналасады; олар қозғалу қызметін атқарады.
- Сүліктерде қылтанақтар болмайды.
Көбею ерекшеліктері
Буылтық құрттар жынысты және жыныссыз жолмен көбейе алады. Кейбір түрлері қосжынысты (гермафродит) болады.
Целомның қызметтері
- Тірек-қозғалыс: сұйықтыққа толы «қаңқа» қызметін атқарады.
- Тәуелсіз жұмыс: ішек пен дене қабырғасының жеке қызмет атқаруына мүмкіндік береді.
- Өсу мүмкіндігі: ішкі мүшелер мен дене көлемінің едәуір ұлғаюына көмектеседі.
- Тасымалдау: қоректік заттарды, газдарды және зат алмасудың соңғы өнімдерін тасымалдауға қатысады.
- Жинақтау: артық сұйықтық пен соңғы өнімдер жиналатын орта бола алады.
- Реттеу: ағза ішіндегі қысымды реттеуге қатысады.
IV. Бекіту
Терминдермен жұмыс:
V. Үй тапсырмасы
Тақырыпты оқу және негізгі ұғымдарды (целом, параподия, тұйық қанайналым жүйесі) қысқаша конспект жасау.