Таңдай білу, талдай білу қабілеттерін дамыту

Сабақ туралы мәлімет

Өтетін орны

ШҚО, Риддер қаласы

Пән

Қазақ тілі мен әдебиеті (4-сынып)

Мұғалім

Ерғасы́мова Ақмарал Тұрсынғалиқызы

Сабақтың тақырыбы

Көктем (нәтиже сабақ)

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Сабақтың тегі

Аралас сабақ

Модульдер

Жас ерекшеліктері, сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау

Мақсаттар мен күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты

  • Тақырып бойынша алған білімдерін бекіту.
  • Сөздік қорын байыту.
  • Ауызша және жазбаша тілін дамыту.
  • Таңдай білу және талдай білу қабілеттерін жетілдіру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушы тақырып бойынша сөйлеп үйренеді.
  • Сөздік қоры дамиды.
  • Талдау және таңдап алу дағдылары нығаяды.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Оқулық, А3 қағаз, түрлі түсті фломастерлер, стикерлер, суреттер, таратпа материалдар.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру

А) Амандасу

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Ә) Кезекшімен сұхбат

  • Кім кезекші?
  • Қай жыл мезгілі?
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Сабақта кім жоқ?

Б) Фонетикалық жаттығу

«Ал, балалар, онда алдымен тілімізді жаттықтырып алайық».

Ә

әліппе, әдемі

Ү

үлкен, дүкен

Ұ

ұшақ, ұя

І

ілгіш, ірімшік

Ө

өзен, өмір

Қ

қар, қоян

Ғ

ғалым, мұғалім

Ң

аң, шаң

Һ

жиһаз, жауқазын

В) Психологиялық дайындық

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкене ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.

Қар еріп, су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн шуағын шашады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?

2) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

Бүгінгі сабақта нені үйренеміз, нені білеміз?

3) Үй жұмысын тексеру

Етістіктің шақтарын қайталайық:

1-топ

Осы шақ: отыр

2-топ

Келер шақ: бар

3-топ

Өткен шақ: кел

4) Жаңа сабаққа дайындық

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз:
Ақпанның оны, жұма.
Сынып жұмысы.
Нәтиже сабақ.
Көктем.

5) Жаңа сабақ: «Жигсо» стратегиясы

Балалар, қазір «Жигсо» стратегиясы бойынша жұмыс жасаймыз.

1-топ

Көктем мерекелері

2-топ

Көктемгі киімдер

3-топ

Көктемгі табиғат