Мақта қыз бен мысық ертегісі ертегілердің қандай түріне жатады деп ойлайсыңдар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Бұл сабақ 5-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті пәні бойынша жаңа тақырыпты меңгертуге бағытталған. Оқушылар Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісімен танысып, мәтінді түсіну, талдау және өз ойын жүйелі жеткізу дағдыларын дамытады.
Сынып
5
Сабақтың тақырыбы
«Мақта қыз бен мысық»
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіре отырып, ертегінің мазмұнын толық меңгерту; өз ойын тұжырымдап, анық жеткізуге үйрету.
Дамытушылық
Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қызығушылығын ояту, ойын еркін жеткізуге баулу.
Тәрбиелік
Жаман қасиеттерден жирендіру, адалдықты қастерлеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Сабақтың әдіс-тәсілдері
- Топтастыру
- Сұрақ-жауап
- Мәнерлеп оқу
- Аудару
- Іздендіру
Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі
- Орыс тілі
- Орыс әдебиеті
Көрнекіліктер
Суреттер, кесте, Ы. Алтынсариннің портреті.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Әнұран орындау
- Оқушыларды түгендеу
- Назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Қаңбақ шал» ертегісінің негізгі кейіпкерлеріне мінездеме беріп келу.
III. Жаңа сабақ
Тақырыппен таныстыру және топтастыру
Ертегілер авторына қарай
- Әдеттегі (әдеби) — авторы белгісіз
- Әдеби — авторы белгілі
Ертегілер түріне қарай
- Тұрмыс-салт
- Қиял-ғажайып
- Хайуанаттар туралы
Автор туралы мәлімет: Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин — қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол балаларға арнап мектептер ашып, өзі ұстаздық еткен. «Қазақ хрестоматиясы» атты еңбегі арқылы оқу-ағарту ісіне үлкен үлес қосты. Бұл сабақта оқушылар Ы. Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісімен танысады.
Сөздікпен жұмыс
Топпен, жұппен және жеке жұмыс түрінде жүргізіледі.
Мейіз
изюм
Тауып алады
находит
Қатығын төгеді
выливает кефир
Құйрығын кесіп алады
отрезает хвост
Жапырақ
листья
Шөлдеп тұрмын
сильно хочется пить
Жұмыртқа
яйцо
Дән
зерно
Тышқан
мышь
Көреді
увидит
Бас салады
хватает
Тары
пшено
Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді оқып, аудару
- Ертегіні рөлге бөліп оқу
Тапсырмалар
6-тапсырма: Кейіпкерлерді топтастыру
Ертегідегі негізгі және қосалқы кейіпкерлерді жеке-жеке топтаңдар.
Кейіпкерлер тізімі
Тышқан, мысық, тауық, дүкенші, қыздар, ағаш, сиыр, Мақта қыз.
Топтау нәтижесі
Негізгі кейіпкерлер
Оқушылар анықтайды.
Қосалқы кейіпкерлер
Оқушылар анықтайды.
7-тапсырма: Оқиға желісін реттеу
Мысық қатық іздегенде кімге, қашан барғанын ретімен айтыңдар.
- Сиыр
- Ағаш
- Қыздар
- Дүкенші
- Тауық
- Тышқан
- Мақта қыз
8-тапсырма: «Кімнен не алды?»
Мысық қайсысынан не алды? Дәптерлеріңе екі баған етіп жазыңдар.
Кімнен?
- Сиыр
- Тауық
- Ағаш
- Дүкенші
- Қыздар
- Тышқан
Не алды?
- Тары
- Су
- Сағыз
- Жапырақ
- Қатық
- Жұмыртқа
Сабақты бекіту және қорытынды
Қорытынды сұрақтар
- Ертегі не себепті «Мақта қыз бен мысық» деп аталған?
- «Мақта қыз бен мысық» ертегісі ертегілердің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?
Үй тапсырмасы
55-бет, 8-тапсырмадағы жоспарға сүйене отырып, ертегіні әңгімелеп келу.