Тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мектеп

Астана қаласы, №53 мектеп-лицей

Пән / сынып

Музыка, 5-сынып

Мұғалім

Қаракеева Зәкира Құрманбекқызы

Тақырып

Ақтан жырау. «Он жаман»

Сабақтың типі

Блум таксономиясы бойынша жоспарланған сабақ

Мақсат

Оқушыларды Ақтан жыраудың шығармашылығымен таныстыру; жыраулық өнердің ерекшелігін, жыраулардың халыққа айтқан өсиетін және батырларға рух берудегі рөлін түсіндіру. Сонымен бірге музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғындыру.

Білімділік

  • «Он жаман» термесімен танысу.
  • Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Ұлттық өнерге қызығушылықты ояту.
  • Ата-бабадан қалған асыл мұраны құрметтеуге, сақтап-қастерлеуге тәрбиелеу.
  • Мәдени мұраны жаңғыртып, дәріптеудің маңызын түсіндіру.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті Өзін-өзі тану Тарих

Көрнекіліктер

АКТ құралдары

Компьютер, слайд

Аудио/видео

Үнтаспа, бейнетаспа

Оқу материалы

Оқулықтар

Музыкалық құрал

Музыкалық аспап

Сабақ барысы (Блум таксономиясы бойынша)

Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмыс ырғағын қалыптастыру.

Білу

Танысу · Тыңдау · Орындау
  1. Ақтан жырау шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
  2. Ақтан жыраудың «Он жаман» термесімен таныстыру.
  3. Термесін үнтаспадан Елдос Емілдің орындауында тыңдату.
  4. «Он жаман» термесін оқушылармен бірге орындау.

Түсіну

Талдау · Салыстыру · Шығармашылық жұмыс
  1. Ақтан жырау кім? «Он жаман» термесінің тәрбиелік мәні қандай? Бүгінгі өмірмен салыстыра отырып ой қорыту.
  2. «Он жаманның» ізімен оқушылардың өз ойларын өлең жолдары арқылы өрбітуі.
  3. АКТ құралдарын пайдалану: терме үлгісінде құрастырылған мәтінді орындату.

Жинақтау

Қорытынды пікір

Ой қозғау сұрағы:

«Ақтан жырау бүгінгі күні өмір сүрсе, қазіргі заманды көрсе, бізге қандай насихат айтар еді?» — осы сұрақ арқылы оқушылардың ойларын жинақтап, тұжырым жасату.