Жар соққан ептеп келіп толқындары, Асаудан үйренбеген бейне жабы

Ілияс Жансүгіров өлеңдері

Кім десем
Ай жарық, нұры балқып тұрған түні,
Жарасып, жалтылдасып жұлдыз сыны,
Шағында аңсыз, дыңсыз қыбырлаған,
Дейтін - ақ секілденіп әлдекімі.
Келіппін бір өзен су кемеріне,
Кез жетпес ары, бер жақ келеміне,
Толықсып аққан суы таңырқатты,
Мастанып, бой манаурап келгенімде.
Самал жел баяу есіп тұрған толғап,
Жайқалған түрлі өлеңдер қандай болмақ.
Шыққан шөп, өскен ағаш дегізетін,
Басқасы ұжым ақтың қалған орнап.
Майысып біткен құрақ жағадағы,
Бітісіп қалың ну мен екі жағы.
Жар соққан ептеп келіп толқындары,
Асаудан үйренбеген бейне жабы.
Құс сайрап, құрт шақырып, ыңырсыған,
Өзінше тақпақ айтып бақа - жылан.
Мұңды үміт секілденіп сол ұғып тұр,
Бу болып, су үстінен шыққан тұман.
Отырып, міне, мұның бәрін көріп,
Жан күші, әсерлі үміт ішті керіп,
Көзімнен тамшыланып суық жасым,
Бір терең ойға қалдым ішім еріп.
Мінеки, мұңайсам да мұндай кеште,
Жанданып жаратылыс алған кесте.
Жандантып жан сыздауға себеп болған
Мінсіз - ақ бұлар һәм мен бар емес пе.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля



Ұқсас жұмыстар

Жарақат — механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы
Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің тілдік ерекшелігі
Қасым Аманжолов
Жарақаттан естен тану туралы түсінік
Абай өлеңдеріндегі нақыл сөздер
Мұндайлар бізде де болады
Ілияс Есенберлин өмірбаяны
Базар жырау
Халқымыздың дарынды ақындары
Жарақат туралы
Қабатты гидравликалық жару және ұңғылардың түптік аймаққа әсер ету
ХІХ ғасырдың екінші жартысы
Мұғалжар тауы
Мұғалжар тауының климаты және ішкі сулары
ЖЕТІ ЖАРҒЫ
Белгішелер, жарлықтар, бумалар
Бейнекарта компьютердің жадысында орналасқан бейнені түрлендіріп мониторға бейне сигнал ретінде жіберетін құрылғы
Тәуке хан және оның “Жеті жарғысы’’
Балалар жарақаты
60-ЖЫЛДАРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНДА БОЛҒАН ӨЗГЕРІСТЕР