Тауыса алман сөздерінің бәрін теріп, Әйтеуір зор жанжалдың кірді түрі
Ахмет Байтұрсынов
Қосылып, бірнеше адам ортақтасып,
Үй салып, ортасынан дүкен ашып,
Саудасы жұғымды боп, байып әбден,
Шат болып, көңілдері судай тасып,
Ақшаны төбедей ғып үйіп қойып,
Үлесіп отыр еді шуылдасып.
Үй жанып барады! - деп хабар берді
Жүгіріп келіп біреу түсі қашып.
Жүріңдер, - біреуі айтты, - барайық, - деп,
Есепке қайтып келіп салайық , - деп.
Айтады екіншісі: Мың сомым кем,
Тоқтаңдар, соны әуел санайық , - деп.
Кем, - деді, - екі мыңым, - және бірі, -
Қараңдар, ап - анық тұр кемі, міне!
Қой, - десті өзгелері, - бұл өтірік,
Болмаса керек қате ондай ірі .
Тауыса алман сөздерінің бәрін теріп,
Әйтеуір зор жанжалдың кірді түрі.
Бірталай ерегіспен мезгіл өтті,
Ұмытты, жанжалдасып, бәрі де өртті.
Есептің бітуіне от қарар ма?
О дағы түтіндетіп келіп жетті.
Шығарға жол жоқ, жалын қамап алған -
Бәрі де мал - мүлкімен күйіп кетті.
Ойласақ, уақиға емес болмайтұғын,
Ел қайда өзін даудан қорғайтұғын?
Қазіргі пайдасына бәрі жетік,
Адам аз алдын қарап болжайтұғын.
Аңдысқан бірін бірі жаудан жаман,
Байқасам, ел белгісі - оңбайтұғын.
Бұл белгі табылып тұр біздің жұрттан,
Таласып, бір - бірінің жүзін жыртқан.
Алданып арадағы дау - шарына,
Қатерден қапері жоқ келер сырттан.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны
Қазіргі қазақ поэзиясы
Лирика. Поэма. Махаббат шапағатының жыры таусылмақ емес
Қадыр Мырза Әли өлеңдері
Абай Құнанбаев (1845—1904) өмірінен қысқаша мәлімет
Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
Баланы ауызша сөйлеуге үйрету
Ислам дIнIндегI хошкөрушIлIк
Ілияс Жансүгіров. КҮЙШІ (Поэма)
“КҮН ТҰТЫЛҒАН БІР ӘЛЕМ ЖҮРЕР ІШТЕ...”
Тасбақаның шөбі (әңгіме)
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар экотуризм дамуы Ақсу-Жабағлы қорығы
Сигналдың гармоникалық құрамдас бөліктерін графикалық түрде анықталуын бағдарлама түрінде іске асыру
Талдықорған өңіріндегі тарихи – археологиялық туризмді дамыту мүмкіндіктері
Туризмді экономиканың саласы ретінде дамытудың негізгі бағыттары. Оңтүстік Қазақстан облысы
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Туризм дамуының экологиялық жағдайларға теріс әсері
Туризмнің дамуы және даму тарихы.
Мұсылман өркениеті және түрік халықтарының мәдениеті
Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар
МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІІҢ КҮЙШІЛІК ДӘСТҮРІ