Тақырыптарын қорғату

Оқу мақсаты

Тақырып бойынша әртүрлі, ерекше сұрақтарды шешу; белгіленген мақсатқа қол жеткізу; өзін-өзі дамыту; топпен тиімді жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру; өз ойын сынып алдында қорғай білу; өзге жауаптарды мұқият тыңдап, талдау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Тақырыпты түсініп, талдай алады.

Оқушылардың көпшілігі

Тапсырманы өз бетінше орындай алады.

Кейбір оқушылар

Топта көшбасшы бола алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасай біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер

Сыныптағы диалогқа пайдалы тілдік бірліктер, дәлдік, айқын ой, ұтымды пікір.

Тыңдалым мен оқылымға ұсыныс

Мәтінмен жұмыс кезінде негізгі ойды белгілеу, дәлел мен мысалды ажырату, терминдерді орнымен қолдану.

Сабақ барысы

Басы

  • Амандасу, түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
  • Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру: түрлі-түсті сөздер арқылы топқа бөлу.
  • Үй тапсырмасын бекіту.
  • «Миға шабуыл»: интерактивті тақтада «Қайталау – оқу айнасы» айдары бойынша әр деңгейдегі сұрақтарға кезекпен жауап беру.

Ортасы

Оқулықпен жұмыс

Мағынаны тану. «Ұтымды пікір – ұтқыр ой».

Топтық жұмыс

Мәтін құрастырып, тақырыпты қорғау. Жаңа материалға қатысты ресурстар беріліп, өз бетінше дайындық жасалады.

Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»: әр топтың жұмысындағы екі ұтымды тұс пен бір жақсартуға ұсыныс айтылады.

Кейінгі тапсырмалар

«Даналық сөзден дән ізде»

Бұл әдіс оқушылардың сыни ойлауына ықпал етеді: әр оқушы ойын білдіріп, шығармашылық қабілетін дамытады.

Тапсырма: қазіргі шешендік үлгілеріндегі фразеологизмдердің сыңарын тауып, жазу

І топ

  1. Талайға дейін естерін жиып, ... жаба алмайды.
  2. Алайда ондай адамдар өзі сенетін мұраттарды көздің ... қалуға тырысқанымен, қорғап қала алмады.
  3. Ештеңеге де құлақ ...: батыстың социализмді етектен ..., былай лақтырып тастау саясаты туындады.
  4. Алайда тарих дариясының жағасында алыстан көз ..., құр бақылап отырғаннан ештеңе бітпейді.

ІІ топ

  1. Ондай даңғойлар әбден уланып біткен Семей жерін көрмейді. Қарадай қыршынынан ... жатқан жазықсыз жандардың тауқыметін түсінбейді.
  2. Анық стратегия мен айқын мақсаттар керек. Басты мақсат тайға ... айқын көрініп тұруы қажет.
  3. Ол мәселені шешуге бастапқы кезде Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінің барлық органдары ат ....
  4. Бір ғасыр бойы халықты ашса ... ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді.

«Көркем сөзім – көрікті ойым»

Әр топқа мәтін таратылады. Мәтінді негізге ала отырып, «Ал мен былай дер едім...» деп, жауаптың басқа да нұсқаларын іздестіріп көріңдер.

Сергіту сәті

«Не жақын?»

  • Оқушыға кітап жақын, қасапшыға пышақ жақын.
  • Ойыншыға доп жақын, мергенге оқ жақын.
  • Бағбанға бақша жақын, саудагерге ақша жақын.
  • Арбакешке қамыт жақын, батырға сауыт жақын.
  • Асабаға той жақын, қойшыға қой жақын.
  • Тігіншіге бөз жақын, шешенге сөз жақын.

«Кім жетім?»

  • Халқы болмаса әкім жетім, ұстазы болмаса шәкірт жетім.
  • Базары болмаса сатушы жетім, кітабы болмаса оқушы жетім.
  • Жауабы болмаса сұрақ жетім, бәдік сөз тыңдаса құлақ жетім.
  • Иманы болмаса намаз жетім, қадірсіз сызылған қағаз жетім.

Талдау

Берілген тапсырмалар бойынша сөйлем талдау (жеке жұмыс).

Бағалау

Әр топ тапсырмалар соңында формативті бағалау жүргізеді. Сабақ соңында мұғалім сумативті (жиынтық) бағалауды есептейді.

Қорытынды

«Барлық қазына — бабалардың даналық сөздерінде. Әр халық өздерінің асыл мұраларын бағаламай, әлемдік мәдениетке жете алмайды», — деген ғұлама жазушы М. Әуезов.

Үй тапсырмасы

«Шынайы шешен — жарқын тұлға» тақырыбында шағын шығарма (ойтолғау) жазу.

Қосымша белгі

Тақырып: «Сөздің дәлдігі – ойдың айқындылығы» (жүктеу).