Жоғалған санды тап

Қызықты математика

Есептер шығару

Мұғалімі: Мәшімбай К.

Мақсаты

  • 1 Сандық заңдылықтарды меңгерту мақсатында есептер шығару.
  • 2 Ойлау, логикалық ойлау және іздену қабілеттерін дамыту.
  • 3 Тапқырлыққа, шапшаңдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

слайд сызбалар парақшалар фишка

Әдісі мен түрі

Әдісі

Сұрақ-жауап, ойын, топқа бөлу, өздігінен орындау.

Түрі

Жарыс сабақ.

Сабақтың барысы

І бөлім

Ширату

жедел сұрақтар

Жұмбақ сұрақ

Санын білмесем де, ол әрқашан өзіммен бірге.

Сұрақ-жауап

  • Қай кезде біз екіні көреміз де, оны он төрт деп айтамыз?
  • Күн мен түн неге аяқталады?
  • Қымыз құятын ыдыстар қандай болады?
  • Жиырма төрт сағат нені білдіреді?

ІІ бөлім

Қызық есептер

Топпен жұмыс: әр топқа бір есеп.

1-топ

логика

Шөптің ішінде қояндар тығылып отыр, тек 10 құлақ ғана көрінеді. Неше қоян тығылып отыр?

2-топ

уақыт

Аулада 4 күн және 4 түн боран соқты. Боран неше тәулік соқты?

3-топ

сағат

Жаңғалақ бала кешкі сағат 7-де ұйықтар алдында қоңыраулы сағатын 8-ге қойды. Ол неше сағат ұйықтады?

4-топ

санау

Бір адам қалаға келе жатыр еді. Жолда оған 3 танысы қарсы кездесті. Қанша адам қалаға барды?

ІІІ бөлім

Ойлан, тап

Дұрыс теңдік шығатындай тиісті таңбалар мен жақшаларды қойыңдар.

1-топ

2 6 3 4 5 8 = 12

2-топ

9 8 1 3 5 2 = 12

3-топ

8 6 1 7 9 5 = 12

4-топ

7 9 8 4 3 5 = 12

IV бөлім

Орналастыр

Төртбұрыштың ішіне 14 дөңгелек орналастыр. Әр қабырғадағы дөңгелек саны бірдей болсын. Суретін сал.

Нұсқау

Суретті дәптерге немесе парақшаға орындау ұсынылады.

V бөлім

Тез қатесін тап

Әр топқа берілген теңдіктердің ішінен қате жазылғандарын тез анықтаңдар.

1-топ

  • 3 + 15 = 18
  • 13 + 3 = 10
  • 6 + 8 = 13
  • 18 − 8 = 10
  • 6 + 15 = 21

2-топ

  • 16 − 9 = 7
  • 15 + 9 = 25
  • 7 + 17 = 23
  • 18 − 4 = 4
  • 17 − 9 = 6

3-топ

  • 13 − 4 = 9
  • 16 + 6 = 32
  • 18 − 7 = 13
  • 2 + 11 = 13
  • 6 + 4 = 12

4-топ

  • 16 + 9 = 28
  • 15 − 2 = 13
  • 5 + 17 = 22
  • 11 − 7 = 3
  • 14 + 8 = 22

VI бөлім

Ғажайып алаң

Ойын тапсырмасы: сұрақтар мен тапсырмаларды кезең-кезеңімен орындау арқылы ұпай жинау.

VII бөлім

Жоғалған санды тап

Алдарыңда 4 жұмбақ хат жатыр. Хат алмасу барысында олардың әрқайсысынан сандар жоғалып кеткен. Сандардың орналасу заңдылығын анықтап, әр хаттағы жоғалған санды жазыңдар.

VIII бөлім

Сиқырлы шаршы

Қорытынды тапсырма: сиқырлы шаршыны толтырып, жолдар мен бағандар бойынша қосындының бірдей шығуын дәлелдеңдер.