Қоянның тапсырмасын орындап, бауырсаққа көмектестік

Математика (3-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Белгісіз бөлінгішті және бөлгішті табуға арналған есептер.

Сабақтың мақсаты

Белгісіз бөлінгіш пен бөлгішті табуға арналған есептерді шығару жолымен таныстыру.

Сабақтың типі

Өздік жұмыс.

Сабақтың міндеттері

  • Білімділік: бөлудің компоненттерін пайдаланып, оқушылардың білімін кеңейту.
  • Дамытушылық: көбейту және бөлу кестесін қолдану, жылдам санау дағдыларын қалыптастыру; ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелік: ұқыптылыққа, шапшаңдыққа және топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Өзіндік жұмыс
  • Сұрақ-жауап

Қосымша ақпарат

Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Көрнекіліктер
Оқулық, суреттер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

64-бет, №3 — Өрнектерді мәндерінің өсу ретімен орналастыр

а) Жауабы

8, 9, 14, 16, 18

ә) Жауабы

4, 5, 10, 12, 27

б) Жауабы

5, 6, 8, 8, 12

№6 — Амалдарды орында

  • 700 − 326 − 125= 249
  • 567 − (258 + 163)= 146
  • (458 + 145) − 253= 350
  • 246 + 156 + 298= 700

65-бет, №10 — Ойлаған санды тап

9, 12, 9, 6, 8

III. Бекіту жұмыстары

Бүгінгі тақырып бойынша белгісіз бөлінгішті және бөлгішті табуға арналған есептерді орындаймыз.

Есеп 1: белгісіз бөлінгіш

3 балаға әрқайсысына 4 жидектен бөлініп берілді. Барлығы неше жидек бөлініп берілді?

Шешуі

x : 3 = 4

x = 4 · 3

x = 12

Жауабы: 12 жидек.

Есеп 2: белгісіз бөлгіш

24 жаңғақ әр сыйлықта 8 жаңғақтан болатындай етіп бірнеше сыйлыққа салынды. Неше сыйлыққа жаңғақ салынды?

Шешуі

24 : x = 8

x = 24 : 8

x = 3

Жауабы: 3 сыйлық.

Ертегі желісімен топтық жұмыс: «Бауырсақ»

Балалар «Бауырсақ» ертегісін білеміз. Бауырсақ серуенге шыққанда жолында түрлі кейіпкерлер кездесіп, тапсырма береді. Сол тапсырмаларды орындап, Бауырсаққа көмектесеміз.

Ескерту: сынып 2 топқа бөлінеді.

Қоянның тапсырмасы

1-топ — теңдеу құрып шығар

Саябаққа әр қатарға 3 шыршадан отырғызылды. Барлығы 7 қатар болды. Неше шырша отырғызылды?

x : 3 = 7

x = 7 · 3

x = 21

Жауабы: 21 шырша.

2-топ — теңдеу құрып шығар

27 өрік тәрелкелерге тең бөлініп салынды. 9 тәрелке қажет болды. Әр тәрелкеге неше өрік салынды?

27 : x = 9

x = 27 : 9

x = 3

Жауабы: әр тәрелкеге 3 өрік.

Аюдың тапсырмасы

1-топ — амалдарды орында

  • (584 − 70) + 326= 840
  • 921 − (78 + 43)= 800
  • 620 − (170 + 184)= 266
  • 600 − (420 + 80)= 100

2-топ — амалдарды орында

  • 1000 − 875 + 160= 285
  • 520 + (616 − 326)= 810
  • 286 + (520 − 166)= 640
  • (478 + 306) − 250= 534

Қасқырдың тапсырмасы

1-топ — есеп шығар

Теңіз шеруіне 8 бригантинадан 2 қатар және 19 фрегат қатысты. Шеруге барлығы неше кеме қатысты?

Шешуі

8 · 2 + 19 = 16 + 19 = 35

Жауабы: 35 кеме.

2-топ — есеп шығар

Теңізге 72 балықшылар шхунасы шықты. Олар баркастардан 29-ға артық. Теңізге барлығы неше шхуна мен баркас шықты?

Шешуі

Баркас саны: 72 − 29 = 43

Барлығы: 72 + 43 = 115

Жауабы: 115 кеме.

Түлкінің тапсырмасы

Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

1-топ

Сәбіздер 3 дорбаға тең бөлініп салынды. Әр дорбада 9 сәбізден болды. Барлығы неше сәбіз болды?

Шешуі

x : 3 = 9

x = 3 · 9

x = 27

Жауабы: 27 сәбіз.

2-топ

18 марка тең бөлініп, әр бетке жапсырылды. Әр бетте 9 маркадан болды. Неше бетке марка жапсырылды?

Шешуі

18 : x = 9

x = 18 : 9

x = 2

Жауабы: 2 бет.

Барлық тапсырмалар орындалды — Бауырсақ сендерге алғыс білдіреді және үйіне аман-есен жетеді.

IV. Қорытынды

Шығармашылық жұмыс

№9 тапсырма: ең үлкенінен ең кішісіне дейін ретімен орналастыр.

  • Ең үлкені: айдарлы құмай
  • күшіген
  • бүркіт
  • Ең кішісі: жапалақ

V–VI. Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

66-бет, №4; 67-бет, №…