Қазақстан тарихыСабақтың тақырыбы

9-сынып • Қазақстан тарихы

Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Бұл сабақта 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының себептері мен барысы, оған берілген тарихи баға қарастырылады. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту, шығармашылық ойлауын жетілдіру, отансүйгіштік пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру көзделеді.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Ауызша баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Сызбамен жұмыс

Көрнекіліктер

Суреттер, бүктемелер, үлестірмелер, кестелер, сызбалар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Назарын сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын тексеру

  • Үлестірмелер арқылы жұмыс.
  • Үй тапсырмасын бекіту.
  • Сөзжұмбақ шешу.

3) «Миға шабуыл» сұрақтары

  • «Желтоқсан» атауы нені білдіреді?
  • Желтоқсан айында атап өтілетін қандай мерекелерді білесіздер?
  • Қазақстан тәуелсіздікке қашан қол жеткізді?
  • Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толды?

4) Өткен тақырыпқа шолу

Азаттық жолында халқымыз қандай ұлт-азаттық қозғалыстарды бастан өткерді? Олардың мақсат-міндеттері мен тарихи сабақтастығы қандай?

5) Жаңа сабақ жоспары

  • Демократияшыл жастар қозғалысының себептері мен басталуы
  • Желтоқсан оқиғасының сипаты
  • Жаппай жазалау
  • Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы

Негізгі деректер

КОКП Орталық Комитетінің нұсқауымен 1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы өтті. Күн тәртібінде бір ғана ұйымдастыру мәселесі қаралды. Пленум шешімі бойынша Д. Қонаевтың орнына республика партия ұйымының басшысы болып Г. Колбин сайланды.

17 желтоқсанда қазақ жастары, студенттер мен жұмысшы жастар Алматыдағы Брежнев алаңына жиналды. Бастапқыда саяси сипат алған митинг бірқалыпты әрі тәртіппен өтті.

18 желтоқсанда алаңға әскер кіргізіліп, ереуілшілерді ұстау мен жазалау басталды.

Ұсталғандар

≈ 8500

адам ұсталып, жауапқа тартылды

Жарақат алғандар

1720

адам әртүрлі жарақат алды

Оқудан шығарылғандар

246

студент оқудан шығарылды

Сотталғандар

99

адам сотталды, екеуі өлім жазасына кесілді

Жад және ақтау

  • 1990 ж. 17 желтоқсан — Республика алаңында оқиғаны еске алу үшін ескерткіш тақта орнатылды.
  • 1991 ж. 21 желтоқсан — Президент Н. Ә. Назарбаев 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы Жарлық шығарды.
  • Осы Жарлық негізінде 17 желтоқсан — Демократиялық жаңару күні болып жарияланды.
  • 1996 ж. — Желтоқсан құрбаны Қ. Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

6) Жаңа сабақты бекіту

Бейнекөрініс және ой қозғау

  • Бейнекөріністен қандай ой түйдіңіздер?
  • Желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алу.

Шығармашылық жұмыс (ДЖИГСО)

Әр оқушы өзіне берілген тақырыпша бойынша мәтінді оқып, мазмұнын сыныптастарына түсіндіреді.

Сызбамен жұмыс

Оқушылар негізгі ұғымдар мен себеп-салдар байланысын көрсететін сызбаны толтырады.

Бекіту сұрақтары

  • 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың бойындағы ұлтжандылық бүгінгі жастардан байқала ма? Нақты мысал келтіріңіз.
  • Бүгінгі сабақтан қандай тәлім-тәрбие алдыңыз?

7) Қорытынды бөлім

Бағалау

Оқушылар жиналған жұлдызшаларының санына қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • Тақырыпты оқып келу.
  • Желтоқсан құрбандары туралы қосымша мәлімет жинау.