Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
1 желтоқсан • Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының мақсаты
- Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туған-өскен, білім алған және қызмет еткен орындары туралы мәлімет беру.
- Еліміздің еңсесін тіктеп, мемлекетті нығайтуға үлес қосқан тұлғаның өмір жолын үлгі ете отырып, Отанды сүюге, ержүректілікке, азаматтық жауапкершілікке және патриоттық сезімге тәрбиелеу.
- Білім алушылардың жүрегінде Елбасына деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін ояту.
Салтанатты бөлім
Музыкалық кіріспе
Фанфар.
1-жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен білім алушылар!
2-жүргізуші
Ассаламағалейкум, халқым менің!
Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің.
Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,
Ендігі елдігіңнен тартынба, елім.
1-жүргізуші
Как повезло тебе и мне —
Мы родились в такой стране,
Где люди все — одна страна, семья,
Куда ни глянь — кругом друзья!
2-жүргізуші
Елге үлгі бола білген — Елбасы,
Кемеңгер қазақ хандарының — жалғасы.
Сіздің кемел саясатыңыздың жолымен
Өрге қарай домалады ел тасы.
Поэтикалық арнау
Ол — анадан ұл тумапты, нұр туыпты,
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты — нұрдан, аты — Сұлтан!
Кеш туған, зарықтырып уақытынан.
Сонымен, 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шараны салтанатты түрде ашық деп жариялаймыз!
Гимн
Видео көрсетілім
Сахналық рәсім
Рәміздерге құрмет
Ән: «Көк тудың желбірегені»
1-жүргізуші
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған,
Аспан түсті туым бар —
Көк теңіздей шалқыған.
2-жүргізуші
Азаттық, теңдік әлемі
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі —
Көк тудың желбірегені!
Алдарыңызда «Көк тудың желбірегені» әнімен ____ топ білім алушылары — __________.
Ән орындалады, видео көрсетіледі. Ту ұстаған білім алушылар залда жүріп өтеді.
Қазақстан мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған құттықтау сөз колледж директоры __________________ беріледі.
(Директор сөзі)
Өмір жолына шолу
Данель аға, Қазақстан халқына тарихи тұрғыдан маңызды кезеңде саяси аренаға Нұрсұлтан Назарбаевтай көшбасшының шығуы үлкен тағдырлы құбылыс болды. Ол «Ұлт көшбасшысы» деген құрметті атаққа ие.
Елі құрмет тұтқан Елбасымыз — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаянына қысқаша шолу жасайық.
(Слайд, музыка)
Туған күні
1940 жылғы 6 шілдеде Іле Алатауындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың отбасында көптен күткен ұл дүниеге келді. Ата-анасы есімін Нұрсұлтан деп қойды.
Есімнің қойылуы
Сәбиге ат қою ерекше оқиғаға айналды. Жиналған туыстар әртүрлі есім ұсынғанымен, ең соңында әжесі Мырзабала: «Немерем екі есімді бірге алып жүрсін, аты Нұрсұлтан болсын», — деген ұсыныс білдірді. Әжесі немересінің азамат болып қалыптасуына айрықша үлес қосты.
Мектепте Нұрсұлтан өте ұқыпты оқып, білімге ерекше ынта танытты. Кейін кәсіби-техникалық училищені үздік тәмамдап, металлург мамандығын меңгерді.
Қызмет жолы (негізгі кезеңдер)
Жас маман еңбек жолын өндірістен бастап, біртіндеп жауапты басшылық қызметтерге көтерілді.
-
1960–1969
Қарағанды металлургия зауытында еңбек етті.
-
1969–1973
Теміртау қаласында партия және комсомол жұмыстарында болды.
-
1973–1977
Қарметкомбинат партия комитетінің хатшысы.
-
1977–1979
Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы.
-
1979–1984
Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
-
1984–1989
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
-
1989–1990
Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
-
1990 (ақпан–сәуір)
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (қоса атқарды).
-
1990 жылдан бастап
Қазақстан Республикасының Президенті қызметін атқарды.
-
1991 жылғы 1 желтоқсан
Тұңғыш жалпыхалықтық президент сайлауы: Н.Ә. Назарбаев 98,7% қолдау алды.
-
2015 жылғы 26 сәуір
Сайлаушылардың 97,7% дауысымен қайта сайланды.
Нұрсұлтан Назарбаев ел тағдырының тынысын үнемі дәл танып, Қазақстанның өңірлері мен ірі кәсіпорындарын назардан тыс қалдырмай, республиканың өзекті мәселелерінен хабардар болып отырды.
Өнер және тағылым
Асыға сәлем жолдап, жүректен біз,
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Ортаға ________ топ биші қыздары шақырылады.
(Қазақ биі)
Мемлекет басқару ісі — машақатты да мәртебелі міндет. Ел дамуы үшін берік мақсат пен жауапкершілік қажет. Мемлекет басшысы өз сөздерінде: «Мен үшін елімді дамыған елдердің қатарына қосу — ең үлкен мақсат», — деп атап өткен. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртуға қамқорлық жасау — президенттік те, перзенттік те парыз екенін айтқан.
Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары мемлекет басшысына деген құрметі мен сенімін білдіріп келеді. Енді Отанға, елге деген патриоттық сезімді өлең жолдарымен жеткізетін жас өрендерді ортаға шақырамыз.
(Видео)
Білім алушылардың арнауы
1-білім алушы
Тоқсан бірде Президентті сайладық,
Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,
Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.
2-білім алушы
Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақкөңіл, қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай — байлық кеніміз.
Байтақ елді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
3-білім алушы
Свою судьбу навек с твоей сплетя,
В любви сыновней я хочу признаться:
Я счастлив, Казахстан, что я — твое дитя,
И в том тебе не нужно сомневаться!
Материал: «Менің тұңғыш Президентім» атты 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты.