Бірінші топ - Ақбота тобы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Автор

Мукатова Ж.Б., Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №20 «Дидар» МДҰ тәрбиешісі

Білім саласы

Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Дәстүрлі емес кіріктірілген ойын-сайыс сабағы

Тақырыбы

«Біз бесеуміз, бесеуміз»

Мақсаты мен әдіс-тәсілдері

Мақсаты

Математиканың мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу бағдарламасында белгіленген бес бағытқа сүйене отырып, пәндерді кіріктіру арқылы (құрастыру, тіл дамыту, дидактикалық ойындар) балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зейінін арттыру.

Әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

түрлі түсті суреттер шарлар жолақшалар геометриялық пішіндер

Сабақтың барысы

Кіріспе: сәлемдесу

Тәрбиеші: «Балалар, жұмысымызды бастамас бұрын сәлемдесіп алайық.»

Армысыз, қайырымды Аспан-ата.

Армысыз, мейірімді Жер-ана!

Армысыз, шұғылалы Нұрлы-күн.

Армысыз, балабақша, дос-жаран.

Армысыздар, құрметті қонақтар.

Тәрбиеші: «Рахмет, балалар. Бүгінгі есеп сабағы басқа сабақтардан ерекше болмақ. Ендеше, топтарға бөлінейік.»

Топқа бөлу

1-топ «Ақбота»
2-топ «Ұшқын»
3-топ «Күн»
4-топ «Болашақ»

Тәрбиеші: «Балалар, ұпайларды геометриялық пішіндер арқылы белгілеп отырамын.»

Ойын-сайыстың өзегі: «Сиқырлы шарлар»

Тәрбиеші: «Мынау не? Қызыл, сары, көк түсті шарлар көп екен. Қане, қайсысын таңдайсыңдар?»

Сұрақ

«Шарлардың түсі қандай?»

Жауап

Қызыл, сары, көк, жасыл.

Тәрбиеші: «Байқадыңдар ма, бұл шарлар — сиқырлы шарлар. Шарлар қай жерде тұр?»

Балалардың жауабы: «Жоғарыда.»

Тәрбиеші: «Шарларды алу үшін алдымен тапсырмаларды орындауымыз керек. Күніміз әрқашан көңілді болсын деп, сары шардан бастаймыз.»

I тапсырма

Сары шар: дөңгелек пішінде

Дөңгелек

Ақбота, Ұшқын топтарының сәлемдесуі

Дайын біздің команда,

Шығыңдар, кәне, жарысқа.

Кімдер епті, кім күшті —

Озып шығар сайыста.

Күн, Болашақ топтарының сәлемдесуі

Жақсы білім алайық,

Болсын бізге халайық.

Не үйрендік, не білдік —

Кәне, ортаға салайық.

II тапсырма

Жасыл шар: төртбұрыш пішінде

Төртбұрыш

Санамақ айту

Балалардың қалауы бойынша әртүрлі санамақтар айтылады.

III тапсырма

Қызыл шар: сопақша пішінде

Сопақша

Тапсырма көктемнің құлпырған қызғалдағындай қызыл сопақша пішінге жазылған. Оқып, орындайық.

IV тапсырма

Таным + құрастыру

Практика
  1. Қай ағаштың жапырағы екенін анықтау.
  2. Жіптер арқылы геометриялық пішіндерді құрастыру.

Сергіту сәті

«Бұғының үлкен үйі бар, терезеден қарайды ол…»

V тапсырма

Есеп шығару + жазба жұмысы

Математика
  1. Таяқшалармен есеп шығару.
  2. Дәптермен жұмыс.

VI тапсырма

Құрастыру жұмысы

Шығармашылық

Геометриялық пішіндерден түрлі бейнелер құрастыру.

VII тапсырма

Логика + реттілік

Ойын

Мақсат

Аңдарға зоопаркке жетуге көмектесу.

Орындау жолы

  1. Вагондарды ретімен орналастыру.
  2. Билет бойынша аңдарды вагондарға отырғызу.

Қорытынды

Сабақ соңында балалардың жұмысы қорытындыланып, белсенді қатысқандар мақтау-мадақтаумен ынталандырылады. Қатысушылар алғыс хатпен марапатталады.