Бүркіт тобына

Сабақтың тақырыбы

Құстарды топқа бөлу. Құстар — омыртқалы жануарлар ішінде жер шарында ең кең таралған топтардың бірі.

Білімдік мақсат

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тексеру және жетілдіру.

Дамытушылық мақсат

Оқытудың озық технологиялары арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту; құстар әлемі туралы білімін кеңейтіп, дүниетанымын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсат

Құстардың табиғаттағы рөлін сезінуге, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Әдісі

Білім меңгерту, сұрақ-жауап.

Түрі

  • Панорамалық сабақ
  • Сайыс
  • Конференция
  • Саяхат

Көрнекілігі

Слайд материалдары, құстар суреттері, суретжұмбақтар, тірек-сызба, карта, ойын элементтері.

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2 Үй тапсырмасын сұрау және бекіту.
  3. 3 Жаңа сабақ.
  4. 4 Қорытындылау.
  5. 5 Үйге тапсырма беру.
  6. 6 Оқушылар білімін бағалау.

І. Сайыс сабағы

Топтық тапсырмалар мен сұрақ-жауап

Пингвин тобы

  • 1. Суда жүзетін құстардың құрылыс ерекшеліктері қандай?
  • 2. Қазтәрізділерге қандай құстар жатады?
  • 3. Пингвинтәрізділердің ерекшелігі неде?
  • 4. Суда жүзетін құстардың балапаны қандай түрге жатады?

Бұлбұл тобы

  • 1. Орман құстарына тән белгілер.
  • 2. Дүпілдектің тоқылдақ тұқымдас құстардан айырмашылығы неде?
  • 3. Тауықтәрізділер отрядына жататын құстар.
  • 4. Құстың қораздану құбылысы қалай байқалады?

Бүркіт тобы

  • 1. Жыртқыш құстардың пайдасы қандай?
  • 2. Құмай мен тазқараның айырмашылығы қандай?
  • 3. Басқа жыртқыш құстардан хатшы құстың айырмашылығы неде?
  • 4. Құс салу деген не, оның жыртқыш құстармен байланысы қандай?

Лездік сұрақтар

Пингвин тобы

  • Ең үлкен пингвин. Император
  • Дене тұрқы 75 см шамасындағы шағын пингвин. Адели
  • Пингвин саусағының арасындағы түзінді. Жарғақ
  • Император пингвині қай материкте мекендейді? Антарктида
  • Тропикте ұя салатын пингвин. Галапагос

Бұлбұл тобы

  • Үздік дыбыс шығаратын құс. Дүпілдек
  • Үндістан мен Цейлонда мекендейтін құс түрі. Тауыс
  • Асыранды тауықтың арғы ата тегі. Жабайы банкив
  • Сырға гүлдермен, бүршіктермен қоректенетін құс. Құр
  • Орманда мекендейтін тауықтәрізділердің балапандары қай топқа жатады? Ширақ балапан

Бүркіт тобы

  • Диірмен тасын теуіп сындырды дейтін аңызда айтылатын құс. Ителгі
  • Секундына 100 метр жылдамдықпен төмен қарай сорғалайтын құс. Лашын
  • Бүркіттің екі көзін саңылаусыз жауып тұратын бас киім. Томаға
  • Бүркіттің төрт саусағын ата. 4 атау
    • Тегеурін
    • Жембасар
    • Сығым
    • Шеңгел
  • Орман-тоғай, жақпар тастар арасында жер бауырлап, ұйытқып ұшатын құс. Тұйғын

ІІ. Конференция сабағы

Әр рөл белгілі бір тақырыпты ашып, сынып талқылауына бағыт береді.

Географқа сұрақ

Пингвиндердің таралу аймағы және олардың түрлері туралы не айта аласыз?

Ғалым-орнитологқа сұрақ

Орман құстары туралы, соның ішінде ең әсем құстардың бірі — тауыс және оның басқа түрлері туралы айтып беріңіз.

Құсбегіге сұрақ

Саятшылық пен құс салудың айырмашылығы неде? Бүркітті ұстау және баптау туралы әңгімелеп беріңіз.

ІІІ. Саяхат сабағы

Картамен жұмыс

Слайдта берілген 6 карта арқылы негізгі аймақтар мен құстардың таралу ерекшеліктеріне тоқталу.

«Сөзтізбе» ойыны

Берілген құс атауының соңғы әрпіне келесі құстың атын жалғау.

Мысал: БүркітТарғақҚарлығашШағалаАқ ләйлек

1. Сауысқан
2. Қарға
3. Құзғын
4. Ұзақ
5. Қоқиқаз

Бекіту тапсырмалары

1) «Қалпына келтір» тапсырмасы

Қағаз жолақтарында құстардың аттарындағы кейбір әріптер түсіп қалған. Құстардың атауын толықтырып, дұрыс нұсқасын табыңыз.

2) Топтастыру

Құстарды ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп, «Құстардың топтары» сызбасын құрастырыңыз.

Үй тапсырмасы

  • Құстарды топқа бөлу тақырыбын қайталау және қысқаша кесте жасау.
  • Құстар туралы суретжұмбақтар құрастыру.