Жаса тыныштық
Желбіре, Жеңіс жалауы
Бүгін — Жеңіс күні. Адамзат аңсап күткен, еркіндік пен бейбітшілік жолындағы күрестің айбынды белесі — 1945 жылғы 9 мамыр. Содан бері бейбіт өмірдің талай жылы артта қалды. Бүгінгі мерекеде балалар жүрекжарды өлеңдерін арнайды.
Балалардың өлең жолдары
Аңсар
Алақай-ай, әйгілі! Тоғызыншы мамыр — бүгін, Алғаш күні шаттықтың, Соңғы күні қайғының.
Анель
Жеңіс келді далама, Жеңіс келді қалама. Жеңіс келді әке боп, Елдегі бар балаға.
Ануар
Жеңіс келді ән болып, Келді ауылға сән болып. Жеңіс келді, алақай, Тоя жейтін нан болып!
Алан
Әлем бізді ұққан күн, Жауды ініне тыққан күн. Батыр атам алдынан, Әжем күліп шыққан күн.
Жеңіс — әнмен де келген
Жеңіс тек атылған оқпен ғана келген жоқ — ол әнмен де келді. Ән жауынгерді алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарда жеңіс дабылын қақты.
Ән
«Солдат болам мен ертең»
Тақпақтар
Расул
Баламын мен бүгінде, Кіп-кішкентай баламын. Ертең мен де өскенде, Ел қорғауға барамын.
Жібек
Туған жердің әр тасы Маған ыстық қашаннан. Бұйраланған аршасы — Қорғайтын ер боламын!
Малик
Елін, жерін сүйетін, Ертеңі үшін күйетін. Рухы биік ұланбыз, Болашаққа сенетін!
Ерлік есімі — ел жадында
Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыздың есімдері — ел тарихының асыл қазынасы: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Нұркен Әбдіров және басқа да қаһармандар.
Аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды тарих беті «Батыр» деп жазып қалдырды. Олардың ерлігін ешкім де, ешқашан ұмытпайды. Олар еліміздің бақыты үшін жанын қиып, туған жері мен елін қорғады.
Тағзым
Бүгін жауынгерлер рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық.
1 минут үнсіздік
Өсиет сөздер: патриоттық рух
Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Ержүрек қолбасшы, жазушы, батыр, Қазақстанның Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы кейінгі ұрпаққа үлгі болатын өсиет сөздер қалдырды.
«Отанға опасызға орын жоқ.»
«Ерлік — бірлікте емес, жүректе.»
«Ерлік — тәрбиеден туады.»
«Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр.»
Балалардың ортақ тілегі
Жер шары балаларының тілегі ортақ:
-
Бейбітшілік болсын!
Ең қымбат тілек
-
Соғыс болмасын!
Тыныш өмір үшін
-
Достық болсын!
Бірлікке бастар жол
-
Адамдар тату болсын!
Мейірім мен сыйластық
Би
«Катюша» вальсі
Тыныштық туралы жырлар
Отаным, еркелеймін енді кімге? Өзіңмен нені болса көрем бірге. Қалайша қабырғама батпас менің, Басына қатер төнген күнге?..
Ақерке
Ағалар саптан шықпасын, Аналар қабақ шытпасын. Бақытқа жетіп бар адам, Сәбилер тыныш ұйықтасын.
Жанель
Тыныштық! Жаса, тыныштық! Осы сөз бізге тым ыстық. Көркейе берсін еліміз, Көркейе берсін ырыс-құт!
Бекзат
Жер бетінде тыныштық — Баянды бақыт адамға. Орнатуға далама Сәбилік таза көңілмен Ант етеміз!
Қорытынды
Әрқашан еліміз тыныш болсын! Күніміз ашық, жарқын, шуақты болсын!
Ән
«Әрқашан күн сөнбесін»