Халық ауыз әдебиеті
Сабақ тақырыбы
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары: түрлері мен ерекшеліктері.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Көрнекіліктер
- Көркем әдеби кітаптар
- Интербелсенді тақта
Мақсаты
- 1 Оқушылардың халық ауыз әдебиеті туралы білімдерін кеңейту.
- 2 Қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымды кеңейту, сөздік қорды молайту.
- 3 Халық ауыз әдебиеті туындыларын қастерлеуге баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ауыз әдебиеті шығармаларын тудырушы — халық. Сондықтан ол халық ауыз әдебиеті деп аталады.
Қазақ ауыз әдебиетінің ірі салаларының бірі — тұрмыс-салт жырлары. Күнделікті өмірде өлең айту қазақ үшін аса қастерлі дәстүр болған. Сол себепті тұрмыстық салт-дәстүрмен сабақтас өлеңдер мен жырлар осы атаумен жинақталады.
Негізгі ой
Тұрмыс-салт жырлары — адамның өмір кезеңдерімен, дәстүрлі рәсімдермен және шаруашылық-тіршілікпен тығыз байланысты поэзиялық мұра.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгендеу
- Оқу құралдарын тексеру
- Оқушы назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын пысықтау
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
- 1. «Әдебиет» сөзі қай тілден енген?
- 2. Әдебиеттің өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы неде?
- 3. Көркем әдебиеттің бізге қандай пайдасы бар?
Білімді бекіту
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар:
- Тұрмыс-салт жыры дегеніміз не?
- Оның қандай түрлерін білесіңдер?
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
«Тұрмыс-салт жырлары және оның түрлері» тақырыбын оқып келу.