Эволюция тобына

Мектепішілік биология апталығы: “Білгенге маржан” білім сайысы (9-сынып)

“Тіршілік — нәруызды денелердің өмір сүруі” тақырыбындағы мектепішілік биология апталығы аясында 9-сынып оқушылары арасында “Білгенге маржан” атты білім сайысы ұйымдастырылды. Сайыс оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, білімді жылдам әрі дәл қолдануға бағытталды.

Сайыстың мақсаты

  • Оқушылардың белсенділігін арттыру
  • Жылдам ойлау және есте сақтау дағдыларын дамыту
  • Топпен (ұжымдасып) жұмыс істей отырып нәтиже шығару
  • Білімге қызығушылық пен танымдық дағдыларды қалыптастыру

Қатысушылар

“Генетика” тобы “Эволюция” тобы

Сайыстың кезеңдері

  1. Ой сергіту (сұрақ–жауап)
  2. Білім биржасы (ойланып жауап беру)
  3. Фантастикалық жануар (слайд бойынша)
  4. Бәйге (генетика және халықтық педагогикаға қатысты мақал-мәтелдер мен жұмбақтар)

I. Ой сергіту (сұрақ–жауап)

Әр топқа жылдам жауап беруге арналған қысқа сұрақтар қойылды.

“Генетика” тобы

  • 1. Бейорганикалық қосылыстардан органикалық қосылыстарды синтездейтіндер?

    Жауап: Автотрофтар

  • 2. Организмдердің нақтылы ортада тіршілік етіп, ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін жаңа қасиеттердің пайда болуы?

    Жауап: Адаптация

  • 3. “Биология” терминін ғылымға алғаш енгізген кім?

    Жауап: Ж. Б. Ламарк

  • 4. Ч. Дарвинді бала кезінен қандай ғылымдар қызықтырды?

    Жауап: Жаратылыстану, геология, ботаника, зоология

  • 5. Жануарлар мен өсімдіктердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым?

    Жауап: Палеонтология

  • 6. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым?

    Жауап: Генетика

  • 7. Жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу үдерісі?

    Жауап: Өзгергіштік

  • 8. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік түрі?

    Жауап: Модификациялық өзгергіштік

“Эволюция” тобы

  • 1. Органикалық дүниенің күрделі әрі ұзаққа созылған тарихи даму үдерісі?

    Жауап: Эволюция

  • 2. Эволюциялық теорияны құрастырған ғалым?

    Жауап: Ч. Дарвин

  • 3. Эволюцияның негізгі қозғаушы күші?

    Жауап: Табиғи сұрыпталу

  • 4. Дарақтар санының, жүйеленген сан алуандығының артуы және ареалдың кеңеюі?

    Жауап: Биологиялық прогресс

  • 5. Дарақтар саны мен жүйеленген топтар санының кемуі және ареалдың тарылуы?

    Жауап: Биологиялық регресс

  • 6. Тұқым қуалаушылықты іске асыратын не?

    Жауап: Хромосомада орналасқан гендер

  • 7. Ата-ана белгілері мен қасиеттерінің ұрпаққа берілуі?

    Жауап: Тұқым қуалаушылық

  • 8. Тұқым қуалайтын өзгергіштік түрі?

    Жауап: Мутациялық

II. “Білім биржасы” (ойланып жауап беру)

Бұл бөлімде сұрақтар кеңірек ойлануды, нақты дәлелмен жауап беруді талап етті.

“Генетика” тобына сұрақтар

1-сұрақ. “Жорғалаушылар ғасыры” қай заман? Неліктен олай аталған?

Жауап: Мезозой заманы. Ұзақтығы шамамен 165 млн жылға созылған мезозой кезеңін органикалық дүниенің даму тарихында “жорғалаушылардың ғасыры” деп атайды. Себебі жорғалаушылар тіршілік ортасына жақсы бейімделіп, қарқынды дамып, кең тарала бастады.

2-сұрақ. Ең алғаш пайда болған тірі организмдер автотрофтар ма, әлде гетеротрофтар ма?

Жауап: Алғашқы тірі организмдер дайын органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофтар болған.

3-сұрақ. Ең алғаш фотосинтез өсімдіктің қай түрінде жүрді?

Жауап: Көк-жасыл балдырларда.

“Эволюция” тобына сұрақтар

1-сұрақ. Америкалық экономист Смит: “Бұл заттың қажеттілігі соншалықты, онсыз өмір сүру мүмкін емес және өте арзан, ал пайдасы жоқ алмаз өте қымбат” деген. Бұл қандай зат?

Жауап: Су.

2-сұрақ. Бұрын грузиндер мен черкестер қыздарының денесіне инемен шешек іріңін енгізген. Шешек эпидемиясы адамды қырып жіберетін болса, неге бұлай жасаған?

Жауап: Шешекке қарсы иммунитет қалыптастыру үшін.

3-сұрақ. Қарағайлар арасындағы жарық үшін күрес пен қасқырлардың жемтік үшін қақтығысы — тіршілік үшін күрестің қай түрі?

Жауап: Түрішілік күрес.

III. “Фантастикалық жануар” (слайд бойынша)

Слайдта әртүрлі жануарлардың дене мүшелерінен құрастырылған бейне ұсынылды. Тапсырма — әр мүшенің қай жануарға тән екенін анықтау.

“Генетика” тобы: фантастикалық құс

Басы
бүркіт
Мойны
аққу
Денесі
пингвин
Аяғы
түйеқұс

“Эволюция” тобы: фантастикалық жануар

Басы
бұғы
Мойны
керік
Денесі
жолбарыс
Аяғы
лама
Құйрығы
ат

IV. “Бәйге” (мақал-мәтел және жұмбақтар)

Бұл кезеңде оқушылар халық даналығымен байланысты тапсырмаларды орындап, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, жұмбақтардың шешуін айтты.

Мақалдың жалғасын табу

  1. 1. Тектіден текті туар… (сараланып)

  2. 2. Төріңді өзгерте алсаң да… (тегіңді өзгерте алмассың)

  3. 3. Аяғын көріп асын іш… (анасын көріп қызын ал)

  4. 4. Жеті атасын білген ер… (жеті жұрттың қамын жер)

    Жеті атасын білмеген… (құлағы мен жағын жер)

  5. 5. Жұртыңды ауыстыра алсаң да… (ұлтыңды ауыстыра алмайсың)

  6. 6. Салтыңды ауыстыра алсаң да… (халқыңды ауыстыра алмайсың)

Мәтелдер

  1. 1. Ағаш көркі — жапырақ… (адам көркі — шүберек)

  2. 2. Дәрі шөптен шығады… (дана көптен шығады)

  3. 3. Дала көркі — мал… (өзен көркі — тал)

  4. 4. Тау бұлағымен көрікті… (бұлақ құрағымен көрікті)

  5. 5. Қораңда малың болсын… (көшеңде талың болсын)

  6. 6. Ағаш ексең аялап… (басыңа болар саябақ)

Жұмбақтар

  1. 1. Жазда жайнайды, күзде жайрайды.

    Жауап: Жапырақ

  2. 2. Мойны сұрақ белгісі — бұл қандай көл құсы?

    Жауап: Аққу

  3. 3. Бұйра тұлымы желмен ойнайды, қызыл мұрыны жерге бойлайды.

    Жауап: Сәбіз

  4. 4. Құйрығы он қарыс — бұл айбатты…

    Жауап: Жолбарыс

  5. 5. Айбат шегер алыстан — аң патшасы…

    Жауап: Арыстан

  6. 6. Уылжыған албырт, дәмі ғажап…

    Жауап: Алмұрт

Қорытынды

Әділқазылар алқасы пән мұғалімімен бірлесе отырып сайыстың қорытындысын шығарды. Сайыс барысында оқушылардың белсенділігі артты, пәнге қызығушылығы күшейді. Топ мүшелері бірлесе жұмыс істеп, нәтижеге жету арқылы танымдық қызығушылықтарын дамытты.

Нәтиже

I орын

“Генетика”

Жеңімпаз

II орын

“Эволюция”

Жүлдегер

Білім сайысы өз мақсатына жетті. Әр топ білім деңгейіне сай марапатталып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.