Оқушылардың даярлығын тексеру
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Д дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру, Д дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға жаттықтыру.
Дамытушылық
Оқу дағдыларын қалыптастыру, оқуға қызығушылықты арттыру, сөздік қорды және ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, нақтылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Дәптердегі тапсырманы тексеру.
- Қ әрпіне берілген бағандағы сөздерді оқыту.
III. Жаңа сабақ
а) Жұмбақ
Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап.
Жауабы: Доп.
Осы жұмбақ арқылы бүгін біз Д дыбысымен және әрпімен танысамыз.
ә) Дыбыспен жұмыс
Д дыбысын үш рет айтқызу және оның дауыссыз дыбыс екенін анықтау.
б) Әріп таңбасымен танысу
Д әрпінің жазылуын көрсетіп, тану және ажырату.
в) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны
Д дыбысы бар сөздер ойлату және сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.
г) Плакатпен жұмыс: оқу
Сөздерді хормен және тізбектей оқыту:
IV. Жаңа білімді бекіту
1) Оқулықпен жұмыс
- Баған түрінде берілген сөздерді оқыту.
- «Қайда?» сұрағына жауап беретін сөйлемдерді дұрыс интонациямен оқуға жаттықтыру: «Дулат қайда?», «Айдар қайда?»
- Жеке-жеке оқыту.
2) «Буындарды қосайық» ойыны
Берілген буындарға жетіспейтін бөлікті қосып, сөз құрау:
Сергіту сәті
Добым, добым домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
V. Жаңа білімді тексеру
Ауызша сұрақтар
- Д қандай дыбыс?
- Қай буындарда жазылады?
Дәптермен жұмыс
- Д әрпін жазуға жаттықтыру: ауада жазып көрсету, тақтада жазып көрсету.
- Оқушыларға тақтаға жаздырып көру және жұмыс дәптерімен бекіту.
Эстафеталық ойын
Екі қатарға бөлініп, тақтаға сөздер жазу арқылы жарыстыру. Мысал сөздер:
VI. Қорытынды
Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық? Д дыбысы мен Д әрпі
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу мәнері, тапсырмаларды орындау сапасы ескеріліп, еңбектері бағаланады.