Жаз мезгіліне байланысты сюжетті суреттер

Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші балаларды жылы қарсы алып, бүгінгі күннің ерекше екенін атап өтеді. Балалар қонақтармен амандасып, «Шаттық шеңберіне» жиналады.

Шаттық шеңбері (өлең)

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қарсы алайық, достарым! Келді қонақтар бізге.

Амандасу

  • Сәлеметсіздер ме!
  • Здравствуйте!
  • Good morning!

Өткенді қайталау

Сұрақ-жауап

Тәрбиеші

Жылдың неше мезгілі бар?

Балалар

Жылдың 4 мезгілі бар.

Тәрбиеші

Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар

Қазір жаз мезгілі.

Тәрбиеші

Көктем мезгілінің ауа райында қандай ерекшеліктер болады?

Балалар

Құстар оралады, қар ериді, гүлдер бүршік атады.

Тәрбиеші

Жаз мезгілінде ауа райы қандай болады?

Балалар

Ауа райы ыстық болады.

Осы кіріспе сұрақтар арқылы тәрбиеші балалардың маусымдар туралы білімін нақтылап, бүгінгі тақырыпқа табиғи түрде жетелейді.

Негізгі бөлім: Абайдың «Жаз» өлеңімен танысу

Бейне-сюжет

Балалар бейне-сюжет арқылы Абай Құнанбайұлының «Жаз» өлеңімен танысады. Тәрбиеші тыңдау мәдениетін еске салып, мәтінді мұқият тыңдауға бағыттайды.

Сөздік жұмысы

Тәрбиеші өлеңде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, балаларға бірнеше рет қайталатады.

  • Сөз

    Ұзарып

    Мағынасы түсіндіріліп, сөйлемде қолдануға жаттықтырылады.

  • Сөз

    Күркіреп

    Мағынасы түсіндіріліп, дұрыс дыбыстауға назар аударылады.

Сергіту сәті

«Көңілді күн» (бейне)

Қимылды бейне-жаттығу арқылы балалар сергіп, көңіл күйін көтереді. Қысқа белсенді үзіліс сабақтың әрі қарай қызықты өтуіне көмектеседі.

Тәрбиеші: «Балалар, сергіп қалдық па? Ендеше, ойын ойнайық. Ойын арқылы білімдеріңді де тексеремін».

Қимылдық ойын: «Тауып көр!»

Мақсаты

Шапшаңдыққа тәрбиелеу, білімдерін бекіту және тексеру.

Құралдар

Екі үстелдегі әртүрлі суреттер, тақтаға жапсыратын материал.

Бағалау

Бірінші болып дұрыс таңдаған балалар жеңімпаз атанады.

Ойын шарты

  1. 1 Ортаға 4 бала шығады.
  2. 2 Тәрбиеші екі үстелдегі суреттердің ішінен жазға қатысты суреттерді таңдауды ұсынады.
  3. 3 Таңдалған суреттерді тақтаға жапсырады.
  4. 4 Ойын бірнеше рет қайталанады.

Қорытынды

Тәрбиеші суреттер арқылы бүгінгі сабақта не үйренгендерін және қандай сәттер ерекше есте қалғанын сұрайды. Балалардың жауаптары тыңдалып, білімдері қорытындыланады.

Кері байланыс сұрақтары

  • Бүгін біз қандай өлеңмен таныстық?
  • Жаз мезгілінің қандай ерекшеліктерін айттық?
  • Өлеңде кездескен қандай жаңа сөздерді үйрендік?

Сабақ соңында тәрбиеші балаларды белсенді қатысқаны үшін мадақтап, оқу іс-әрекетін аяқтайды. Қонақтармен қоштасады: «Сау болыңыздар!»

Автор туралы

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын №33 «Көркемай» балабақшасы

Жақсылықова Мөлдір Абзалқызы

Екінші сәбилер тобының тәрбиешісі