Шешендік сөздің түрлерін көрсет

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Білім беру ұйымы
С. Ғаббасов атындағы ЖОББМ КММ
Пән
Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып
11-сынып
Мұғалім
Төлеуова Аманжан Талғарқызы
Сабақ тақырыбы
Шешенге қойылатын талаптар
Сабақ түрі
Пікірталас сабағы

Мақсаты

Білімділік

Шешенге қойылатын талаптарды меңгерту, шешендік өнер туралы білімді бекіту және шешен сөйлеуге машықтандыру.

Дамытушылық

Шешендік сөздер арқылы көркем, әдеби сөйлеу мәдениетін дамыту; шығармашылық ізденісті арттыру; өз пікірін дәлелді айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Шешендік сөз өнерінің құдіретін сезінуге баулу, туған ел тарихы мен әдеби мұраны құрметтей отырып, әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер, көрнекілік және байланыс

Әдіс-тәсілдер

  • Сөз әдісі, көрнекілік әдісі
  • Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау
  • Жазылым, тыңдалым, оқылым
  • Тест, сөзжұмбақ шешу

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта, компьютер
  • Слайд, плакат
  • Деңгейлік тапсырма карточкалары
  • Бағалау парағы

Пәнаралық байланыс

  • Әдебиет
  • Тарих
  • Химия
  • Өмірмен байланыс

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа психологиялық дайындық жасалып, сыныптың жұмысқа жұмылдырылуы қамтамасыз етіледі.

2) Үй тапсырмасын тексеру (тест)

Білімді бекіту үшін тест сұрақтары беріледі. Дұрыс жауаптар жұлдызшамен белгіленеді.

  1. Шешендік сөздің түрлерін көрсет.
    • А) арнау, толғау, дау
    • Б) жуан, жіңішке, ашық, қысаң
    • С) аралас, сабақтас, салалас
  2. Төмендегі сөйлемнен құрмалас сөйлемді көрсет.
    • А) Белгісіз солдат ағаш арасына сүңгіп кете барды.
    • Б) Соқаның тісі тонға тисе, ауызың майға тиер.
    • С) Мен — бастауышы.
  3. Қазақ халқының алғашқы биі кім?
    • А) Малайсары би
    • Б) Төле би
    • С) Майқы би
  4. Қазақ тілінде қосымшаның неше түрі бар?
    • А) 4
    • Б) 2
    • С) 3
  5. Шешендік арнау деп нені айтамыз?
    • А) бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл, бата
    • Б) заттық мәселелерді зерттейтін әдет заңы
    • С) шешендік мақал, нақыл, мысал, жұмбақ
  6. Сөздік құрам деген не?
    • А) жалпы халыққа ортақ сөздер
    • Б) тілдегі сөздердің жиынтығы
    • С) қолданыстан шығып қалған сөздер жиынтығы
  7. Қазақ шешендік өнері неше кезеңнен тұрады?
    • А) 5
    • Б) 6
    • С) 4
  8. Тәуелденген сөзді анықта.
    • А) ұстазбын
    • Б) ұстазға
    • С) ұстазым
  9. Қазіргі кездегі шешендіктің түрлері қанша?
    • А) 3
    • Б) 6
    • С) 5
  10. Төменде жақсыз сөйлем бар ма?
    • А) Сабақтан кешігуге болмайды.
    • Б) Балалар кітапханаға кірді.
    • С) Ауыл. Топталған адамдар.

3) Жаңа сабақ

Бүгін біз шешенге қойылатын талаптармен танысып, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін үйренеміз.

Цицеронның ойы

«Шешендік — білім нәтижесі». Шешен болу үшін ең басты үш нәрсе қажет:

  • Адам бойындағы талант
  • Терең білім
  • Қалыптасқан дағды

Шешендік өнер — ұлы өнер. Оны игеру оңай емес, сондықтан шешенге жүктелер жауапкершілік те, қойылар талап та жоғары.

Шешенге қойылатын негізгі талаптар

  • Тілдік қабілеті мол болуы
  • Білімді болуы
  • Шыншыл болуы
  • Айтатын мәселені анық білуі
  • Жинақы болуы
  • Аңғарымпаз болуы

Шешеннің өзін ұстау әдебі мен мәдениеті

  • Бет-жүз, дене қимылы сөз табиғатына сәйкес болуы
  • Қимыл-ишара көмекші құрал ретінде қолданылуы
  • Ым-ишара сөздің әсерлігін арттыруы
  • Ым-ишараның табиғи болуы
  • Дауыс саздылығы, мақам, сөз ырғағы, кідіріс мәдениетін сақтау

Түсіндірме аяқталғаннан кейін оқулықпен жұмыс ұйымдастырылады.

4) Жаттығу жұмысы

Оқулық: 81-бет, 75-жаттығу. Берілген тақырыптар төңірегінде ой алмасу ұйымдастырылады:

  1. Мұнай өндірісі — Қазақстан бюджетінің маңызды кіріс көздерінің бірі.
  2. Айналымдағы ақша саны көбейген сайын, оның құны кемиді.
  3. Қоғамды дамытудағы шағын бизнестің рөлі.

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ атау таңдап, топ басшылары таныстырады. Бағалау парақтары топ басшыларына таратылады.

5) «Өткенге қарайық» (сөзжұмбақ)

Сөзжұмбақты дұрыс шешкен жағдайда «Шешендік өнер» тіркесі шығады.

  1. «Достық» сөзінің антонимі.
  2. «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес» — деген кім?
  3. «Тіл байлығы, тіл тазалығы — ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі белгісі» — деген кім?
  4. «Жаңбыр жауса, жер жетім. Басшы болмаса, не жетім?»
  5. Қазақтың тұңғыш саяхатшы ғалымы.
  6. Шешендік сөздің бір түрі.
  7. «Шутка» сөзін аудар.
  8. Кіші жүздің биі кім болды?
  9. «Искусство» сөзін аудар.
  10. «Құтты білік» жазба әдебиетінің авторы кім?
  11. Тәуке хан ордасында қазақтың әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы қалай аталды?
  12. Пікірталастың бір түрі.

6) Сөйлем талдау (тақтамен жұмыс)

Талдауға берілетін сөйлем

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

Үш оқушы тақтаға шығып, сөйлемге синтаксистік және морфологиялық талдау жасайды. Сонымен қатар «Тәуелсіздік» сөзіне фонетикалық талдау жүргізіледі.

7) Деңгейлік тапсырмалар

Тақтада талдау жұмысы жүріп жатқан кезде, қалған оқушылар карточкалар арқылы деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Карточка 1

  1. Дауысты дыбыс деген не? Түрлерін ажырат.
  2. Тұрақты сөз тіркесі деген не? Мысал келтір.
  3. Жіктік жалғауларды ата. Мысал келтір.

Карточка 2

  1. Ықпал деген не? Неше түрі бар? Ата, мысал келтір.
  2. Салт және сабақты етістік деген не? Мысал келтір.
  3. Сөйлем мүшелері деген не? Неше түрі бар? Ата.

Карточка 3

  1. Тәуелдік жалғауларды ата. Мысал келтір.
  2. Омоним деген не? Мысал келтір.
  3. Деректі және дерексіз зат есім деген не? Мысал келтір.

Карточка 4

  1. Есімшенің жұрнақтарын ата.
  2. Салалас құрмалас сөйлем деген не?
  3. Диалект деген не? Мысал келтір.

Карточка 5

  1. Табу деген не? Мысал келтір.
  2. Орфография мен орфоэпияның айырмашылығы неде? Мысал келтір.
  3. Осы шақ етістікке мысал келтір.

Пікірталас тапсырмасы

Оқушылардың тілінің дамуын және тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқау мақсатында «Мектеп ережесі әрқашан сақтала ма?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылады.

  • Сынып екі топқа бөлінеді: жақтаушы және даттаушы.
  • Әр топ өз көзқарасын дәлелдермен қорғайды.

Бекіту сұрақтары

  1. Шешенге қандай талаптар қойылады?
  2. Шешендік сөз дегенді өз сөзіңмен қалай түсіндірер едің?
  3. Шешен деп қандай адамдарды атар едің?

Қорытынды ой

Адам жүрегінде иман мен мейірім болса, ол ортаға сыйымды болады. Сондықтан жүректерің сезімге де, ықыласқа да бай болсын.

Билік айту — оңай. Біліп айту — қиын.

Ендеше, келешекте сәттілік тілей отырып, бүгінгі сабақта ой бөлісіп, белсенділік көрсеткен оқушылардың бағалау нәтижелері қарастырылады.

Бағалау және үй тапсырмасы

Оқушы білімін бағалау

Бағалау парақтары негізінде оқушылардың жұмысы қорытындыланады.

Үйге тапсырма

«Шынайы шешен — жарқын тұлға» тақырыбында ойтолғау жазу.

Қажет болса, материалдың толық нұсқасын жүктеу ұсынылады.