Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
8-сынып
Сабақтың тақырыбы
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі
Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру.
- Құрамындағы жай сөйлемдерде іс-әрекеттің кезектесіп келетінін меңгерту.
- Тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатынын түсіндіру.
Дамытушылық
- Оқушылардың білім-білік дағдыларын, талдау және салыстыру қабілетін арттыру.
- Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру.
- Түрлі тапсырмалар арқылы жеке тұлғалық қабілеттерін ашу.
Тәрбиелік
- Ана тілін сүюге баулу.
- Туған елін, жерін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
- Ізденімпаздыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер және ресурстар
Әдістер
- Сұрақ-жауап
- Түсіндірме
- Жазба жұмыс
- Сатылай кешенді талдау
- Тест сұрақтары
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Сызба-кесте
- Таратпа материалдар
Пәнаралық байланыс
Әдебиет
Сабақтың өту барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
Бастау
Сабаққа назар аударту, жұмысқа жұмылдыру.
-
2) Қайталау: «Оқу — анасы»
Үй тапсырмасы
- 114-жаттығуды тексеру.
- Салалас құрмалас сөйлем түрлерін еске түсіру.
-
3) Жаңа тақырып: «Оқу — инемен құдық қазғандай»
Түсіндіру
Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің ерекшелігі, жасалу жолы және жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы түсіндіріледі.
Негізгі түйін
Кезектес салаласта іс-әрекет бірінен соң бірі кезектесіп беріледі және компоненттері жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
-
4) Бекіту: «Білім нәрі — кітапта»
Жаттығулар
- 115-жаттығу (ауызша).
- 116-жаттығу (жазбаша): «Өзіндік ізденіс — білім негізі».
-
5) Талдау: «Талдау — табыс кілті»
Синтаксис
Берілген сөйлемдерге сатылай кешенді синтаксистік талдау жасалады.
-
6) «Біліміңді байқап көр»
Тапсырма
Сөйлемдердің сыңарын табу тапсырмасы орындалады.
-
7) Ойтолғау: «Қазақстан — Мәңгілік Ел»
Рефлексия
Оқушылар тақырып аясында ой бөлісіп, өз көзқарасын жүйелі жеткізуге жаттығады.
-
8) Қорытындылау: «Ізденген жетер мұратқа»
Тест
Сабақты бекіту үшін тест сұрақтары орындалады.
-
9) Үй тапсырмасы
Жаттығу
118-жаттығу.
-
10) Бағалау: «Жақсы білім іздеуден жалықпалық»
Қорытынды
Оқушылардың білімі бағаланады, кері байланыс беріледі.