Квадрат теңдеуді шешу алгоритмі

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеулердің түбірлерін табудың әртүрлі тәсілдерін пайдаланып есептер шығару.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Пән бойынша білім, білік және дағдыларды қалыптастыру; деңгейлік тапсырмалар арқылы білімін бағалау.

Дамытушылық

Алдын ала іріктелген тапсырмалар арқылы ізденіске құштарлықты дамыту.

Тәрбиелік

Шығармашылық қабілеті дамыған, ұлы тұлғалардың ұрпағына лайық азамат тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Түрі

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша жүргізілетін жүйелеу сабағы.

Типі

Аралас сабақ.

Әдістер

  • Ассоциация әдісі (қызығушылықты ояту).
  • «Ойшылдар сайысы» форматындағы талқылау.

Көрнекіліктер

  • Квадрат теңдеудің түбірлерін табу формулалары.
  • Әртүрлі деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сәлемдесу, сабақ мақсатын қысқаша айту, жұмысқа бағыт беру.

II. Сыныпты топқа бөлу

Оқушыларды топтарға бөліп, рөлдер мен бағалау өлшемдерін нақтылау.

Сабақ 4 кезеңнен тұрады

  1. I кезең — Қызығушылықты ояту

    Өткен материалды еске түсіру, қысқа сұрақ-жауап.

    Қайталау
  2. II кезең — Кластер құрастыру

    Квадрат теңдеудің түрлерін анықтап, кластер (схема) жасау.

    Жүйелеу
  3. III кезең — Мағынаны ажырату

    Квадрат теңдеу, түбір және шешу ұғымдары.

    Квадрат теңдеуді шешу алгоритмі.

    Квадрат теңдеулерді шешу тәсілдері.

    Түсіну
  4. IV кезең — Деңгейлік тапсырмалар

    Әр деңгейде квадрат теңдеулердің коэффициенттерін анықтап, түбірлерін табу.

    Тәжірибе

Деңгейлік тапсырмалар

Тапсырмаларды орындау барысында коэффициенттерді жазыңыз және теңдеулердің түбірлерін табыңыз.

I деңгей

  • 1)

    a) 4x² − 5x − 7 = 0

  • 2)

    a) 3x² − 12 = 0

    ә) x² − 3x = 0

    б) 7x² + x − 6 = 0

  • Қосымша

    ә) 3x² − 4x + 10 = 0

    б) 2,7x² = 0

II деңгей

  • 3)

    a) x² − 6x + 9 = 0

  • 4)

    a) x² + 3x − 4 = 0

    ә) 25x² − 10x − 3 = 0

    б) 3x² − 8x + 5 = 0

  • Қосымша

    ә) 5x² + 9x + 4 = 0

    б) 11x² + 25x − 36 = 0

III деңгей (тест)

1) x² + 3x = 0 теңдеуінің түбірлерін табыңыз.

  • A) (0; 3)
  • B) (0; −3)
  • C) (0; 3/1)
  • D) (−3/1; 0)

2) Қай теңдеудің шешімі жоқ?

  • 1) x(x + 2) = 0
  • 2) 2x² + 18 = 0
  • 3) −x² − 16 = 0
  • 4) x² − 3 = 0

Жауап нұсқалары

  • A) 4
  • B) 2; 3
  • C) 2; 4
  • D) Ондай жоқ

3) Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз: квадрат теңдеу түбірлерінің дұрыстығын қай теоремамен тексеруге болады?

  • A) Пифагор
  • B) Виет
  • C) Архимед
  • D) Гаусс

4) Толық квадрат теңдеу үшін, b жұп сан болған жағдайда төмендегі формулалардың қайсысы дұрыс?

  • A) D = 4ac − b
  • B) D = (d²)² − ac
  • C) D = (b/2)² − ac
  • D) D = b² − ac

Қорытынды бөлім

V кезең — Кітаппен жұмыс

Оқулықпен жұмыс жасап, есептер шығару.

Сабақты аяқтау

  • Сабақты қорытындылау.
  • Үй тапсырмасын беру.
  • Бағалау.