Оңтүстік Американы зерттеген саяхатшылар

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: Африка материгі туралы мәлімет алу.

  • Дамытушылық: кескін картамен жұмыс істеуге дағдылану, өз ойларын ашық әрі батыл жеткізе білу, қоршаған ортаға қызығушылықты арттыру.

  • Тәрбиелілік: қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Дәстүрлі, аралас.

Сабақтың әдістері

Ассоциация, сұрақ-жауап, кескін картамен жұмыс.

Пәнаралық байланыс

Тарих, экология.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, Африканың физикалық картасы, слайдтар, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Сабаққа назарын аудару.

2) Үй жұмысын тексеру

Ассоциация әдісі: оқушылар өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдарды атап, байланысын түсіндіреді.

«Тор көз артындағы» тапсырмалар

  1. Өзендер: Оңтүстік Американың ірі өзендерін атаңыз және олардың қай алапқа жататынын көрсетіңіз.
  2. Халқы: креолдар, самболар, метистер, мулаттар.
  3. Елдері: табиғат жағдайларына байланысты Анд елдері мен шығыстағы жазық елдерді ажыратыңыз.
  4. Жер бедері: Оңтүстік Американың жер бедеріне сипаттама беріңіз.
  5. Зерттеушілері: Оңтүстік Американы зерттеген саяхатшыларды атаңыз.
  6. «Ең, ең, ең…»
    • Ең мол сулы өзен.

    • Ең биік сарқырама.

    • Биік тау көлдерінің ең ірісі.

    • Дүние жүзіндегі ең ұзын тау.

    • Ең ірі эстуарийлік өзен сағасы.

  7. Бразилия: мемлекеттік құрылымы, географиялық орны, көрікті қалалары.
  8. Амазонка: Амазонка өзеніне сипаттама беріңіз.
  9. Анд елдері: Анд елдері неліктен осылай аталады?

Нысандарды тап (кескін картаға түсіру)

1 — Анхель сарқырамасы
2 — Аконкагуа шыңы
3 — Титикака көлі
4 — Поопо көлі
5 — Ла-Плата
6 — Амазонка ойпаты
7 — Бразилия таулы үстірті

3) Жаңа сабақ: Африка материгі

Африка — Жер шарындағы ауданы және халық саны бойынша екінші орын алатын құрлық (бірінші орында — Азия).

Аумағы

30,2 млн км²

Жер шарының шамамен 6%, ал құрлықтың 20,4%.

Халқы

Шамамен 1 млрд адам

Әлем халқының 14,72%; орташа тығыздығы — 30,51 адам/км².

Африкада 54 ел бар.

Атауының шығу тарихы

«Африка» атауы Афри деп аталған, Солтүстік Африкадағы Карфаген өңірінде өмір сүрген адамдар тобының атауымен байланыстырылады.

Географиялық орны

Африка материгі солтүстігінде Жерорта теңізімен, солтүстік-шығысында Суэц каналымен және Қызыл теңізбен, оңтүстік-шығысында Үнді мұхитымен, ал батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Құрлықты жан-жағынан теңіздер мен мұхиттар шайып жатыр.

Ең шеткі нүктелері

  • Оңтүстікте: Игольный мүйісі (34°52′ о.е.).

  • Солтүстікте: Бен-Сэка мүйісі (Тунис) (37°21′ с.е.).

  • Шығыста: Рас-Хафун мүйісі (Сомали).

  • Батыста: Альмади мүйісі (Жасыл мүйісі).

Өлшемдік ерекшеліктері

  • Оңтүстіктен солтүстікке қарай шамамен 8 000 км.

  • Батыс пен шығыс шеткі нүктелерінің аралығы 7 500 км-ге дейін жетеді.

Зерттелу тарихы

Біздің заманымыздан көптеген ғасырлар бұрын-ақ материктің жағалауы мен ішкі аудандарында Азия мен Солтүстік Африканың халықтары — финикиялықтар, египеттіктер, карфагендіктер — болған.

Ерте орта ғасырларда Шығыс және Солтүстік Африкаға Арабия түбегінен арабтар қоныс аударды.

XV ғасырда португалдықтар Үндістанға апаратын теңіз жолын іздеу барысында Африка жағалауын зерттеді. Бұл кезең құл саудасының күшеюімен және Африка елдерінің еуропалық державалар тарапынан жаулап алынуымен тұспа-тұс келді.

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Англия мен Франция материктің ішкі бөлігіндегі бірқатар отарларды басып алды. Осы үдерістермен қатар географиялық ашылулар мен зерттеулер де жүргізілді.

Негізгі белестер

  • 1788 жыл: ағылшындар Африканың ішкі бөліктерін зерттеуге жәрдемдесетін ассоциация құрды.

  • XIX ғасыр: Нигер, Ніл, Конго және Замбези өзендерінің алаптарын зерттеу нәтижесінде маңызды географиялық мәселелер шешілді.

  • Д. Ливингстон (1843–1873): Атлант мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі, Кейптауннан экваторға дейінгі кең аумақты зерттеп, Орталық және Оңтүстік Африканы тануға үлкен үлес қосты.

  • XIX ғасырдың екінші жартысы: Ніл мен Конго суайрығы аймағында зерттеу жұмыстарын орыс ғалымы В. В. Юнкер жүргізді.

Бекіту тапсырмалары

Африканың шеткі мүйістерін белгілеу

  • Солтүстікте: Бен-Сэка мүйісі.

  • Батыста: Альмади мүйісі (Жасыл мүйісі).

  • Оңтүстікте: Игольный мүйісі.

  • Шығыста: Рас-Хафун мүйісі (Сомали).

Номенклатурамен жұмыс: жауабын тап

  1. XIV ғасырда Африкаға саяхат жасаған марокколық араб: Әбу Ибн Баттута.
  2. Эфиопия жерінің қатты бағалы бидайын анықтаған ғалым: Н. И. Вавилов.
  3. Қызыл теңізде кемелерге кедергі келтіретін құрылымдар: маржандық рифтер.
  4. Суық ағыстардың әсерінен материк жағалауларында не пайда болады? Шөлдер.
  5. Африкадағы ең терең көл: Танганьика.

Үй жұмысы

§ 44. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.