Қандай сан аралықтарын білесің

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу ережесімен танысу және оны есеп шығаруда қолдану. Шешімді сан аралығы арқылы дұрыс жаза білу.

Дамытушылық

Ой-өрісті кеңейту, оқушылардың өз бетінше еңбектену дағдысы мен белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік

Дәлдікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу; тез ойланып, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу ережесін қолдана алады.
  • Сызықтық теңсіздіктерді ықшамдап, есептер шығара алады.
  • Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық нығаяды, пәнге қызығушылық артады.
  • Өз бетімен нәтижеге жетуге ұмтылады.

Ескерту: Шешімді жазғанда шекара нүктелерінің кіретінін/кірмейтінін жақша түрі арқылы дәл көрсетіңіз: ( ) — кірмейді, [ ] — кіреді.

Блум таксономиясы: «Білу»

Төмендегі сұрақтар сан аралықтары мен теңсіздіктердің шешімін түсіндіру үшін білімді нақтылауға бағытталған.

  1. 1. Қандай сан аралықтарын білесің?
  2. 2. Қандай сан аралығы интервал деп аталады?
  3. 3. Қандай сан аралығы кесінді деп аталады?
  4. 4. x ≤ 5 немесе x ≥ 8 теңсіздіктерінің шешімі нені білдіреді?
  5. 5. Қандай сан аралығы сәуле деп аталады?

«Миға шабуыл»

Берілген сан аралықтарының тиісті атауларын жазыңыз және сәйкестігін табыңыз.

Теңсіздіктер

  • x ≥ 3
  • x < 7
  • -8 ≤ x ≤ 5
  • x ≤ -5

Сан аралықтары

  • (-∞; -5]
  • [-8; 5]
  • [3; +∞)
  • (-2; 0]

Тексеру үшін: Теңсіздіктің белгісіне қарай аралықтың шеттері жабық/ашық болатынын анықтаңыз: ≤, ≥ — шет нүкте кіреді; <, > — шет нүкте кірмейді.

Негізгі анықтама

ax + b > c, ax + b ≥ c, ax + b < c, ax + b ≤ c түріндегі өрнектер бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер деп аталады.

Мұнда a, b, c — сандар, ал x — айнымалы.