Күш - білімде

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Күш – білімде

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру және озық ойлы оқушыны анықтау.
  • Дүниетанымын кеңейту, білімге қызығушылығын күшейту, ойлау және ойды жүйелеу қабілетін арттыру.
  • Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта Кәртішкелер Суреттер Презентация Мақал-мәтелдер Жұмбақтар Тақтадағы суреттер

Ұйымдастыру кезеңі

Сайыстың міндеттері

  1. 1 Сайыстың мақсатын таныстыру.
  2. 2 Қатысушылармен таныстыру.
  3. 3 Жеңімпазды анықтау.

Жүргізушінің сөзі

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін 2-сыныптар арасында өтетін «Күш – білімде» атты білім сайысына қош келдіңіздер!

Сайысқа барлық оқушылар қатысады. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады. Әр кезең белгілі бір пәнге арналады және өз ұпайларымен бағаланады.

Ендеше, дайын болсақ, ойыншыларымызға сәттілік тілейміз!

Сайыс кезеңдері

1-кезең: Қазақ тілі

Жазбаша 5 ұпай + 10 ұпай

5 ұпайлық тапсырма: сөздерді буынға бөлу

  • Қоңырау
  • Бала
  • Кітап
  • Қалам
  • Дәптер

10 ұпайлық сұрақтар

  1. 1 Дауысты дыбыстар қандай түрге бөлінеді?
  2. 2 Дауыссыз дыбыстар қандай түрге бөлінеді?
  3. 3 Сөйлем неден құралады?
  4. 4 «Ө» дыбысы қандай дыбыс? «О» дыбысы қандай дыбыс?
  5. 5 «І» дыбысы қандай дыбыс? «Ы» дыбысы қандай дыбыс? «Ұ» қандай дыбыс? «Ү» дыбысы қандай дыбыс?

Сөздік жұмысы

Білім

знание

Кітап

книга

Кітап оқу

читать книгу

Жазу

писать

Білім алу

получить знание

Күш білімде

сила в знании

2-кезең: Математика

Жазбаша 5 ұпай + 10 ұпай

5 ұпайлық тапсырма: есеп шығару

  • 60 + 30 = 90
  • 10 + 20 = ___
  • 10 + 10 = ___
  • 1 + 6 = ___

10 ұпайлық сұрақтар

  1. 1 Бір аптада неше күн бар?
  2. 2 Бір айда неше күн болады? (30–31)
  3. 3 Бір айда шамамен неше апта бар?

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы бой жазып аламыз.

3-кезең: Дүниетану

10 ұпай Жұмбақ-тапсырмалар
  1. Ағаш діңін тоқылдатып, қабығының астындағы қабықжегі мен ағашжегінің дернәсілдерін табады. Ол не?

    Жауабы: тоқылдақ

  2. Егер біреуі ауыр олжа тапса, басқалары бірден жәрдемге келеді. Олжасын сүйретіп, бір ізбен шұбайды. Олар кімдер?

    Жауабы: құмырсқалар

  3. Күндіз демалып, түнде қорегін аулауға шығады. Ол не?

    Жауабы: жапалақ, үкі

  4. Көктем мен күзде түлеп, түсін өзгертеді. Желаяқ, жүйрік әрі секіргіш. Ол не?

    Жауабы: қоян

  5. Тауыққа ұқсайтын кішкентай құс. Қалың шөп арасын шұңқырлап, ұя салады. Ол не?

    Жауабы: бөдене

  6. Мысық тұқымдас жабайы аң. Биік тауда тіршілік етеді, ақылды, күшті, сымбатты. Ол не?

    Жауабы: барыс

4-кезең: Әдебиеттік оқу

10 ұпай Оқу + аудару + жаңа сөздер

Тапсырма: мәтінді тізбектей оқыңыз, аударыңыз және мәтіннен жаңа сөздерді атаңыз. (Прочитай текст, переведи, найди новые слова.)

Мәтін 1

Алтынсарин көшесінде кітап дүкені бар. Дүкен тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Онда оқу құралдары көп. Мен кеше дүкенге бардым. Дүкеннен оқулық пен сөздік сатып алдым.

Мәтін 2

Сары, үлкен қауын жедік. Жәнияның қызыл добы бар. Қайрат қызықты кітап оқыды. Қалада зәулім үйлер бой көтерді. Бақытжан қолын көтеріп, жауабын айтты.

Мәтін 3

Күз келді. Күн суыта бастады. Шөп сарғайды. Ағаштың жапырақтары түсті. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Біз жылы киімімізді кидік.

Ұпайларды есептеу және қорытынды

Ұпайларды есептеу

Құрметті сайыскерлер, енді ұпайларды есептейік.

Қолдарыңыздағы ұпайларды қосыңыздар. Ең жоғары ұпай жинаған сайыскер жеңімпаз атанады.

Қорытынды сөз

Қымбатты оқушылар!

Бүгінгі «Күш – білімде» атты білім сайысымыз өз мәресіне жетті. Бұл сайыс жыл бойы алған білімдеріңізді көрсетуге мүмкіндік берді.

Сайыс барысында өз білімдеріңізді сарапқа салып, біліктіліктеріңізді таныттыңыздар. Сіздер өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриот әрі нағыз білгір боласыздар деп сенеміз.

Марапаттау

Нәтижелер жарияланып, жеңімпаздар мен қатысушыларға мақтау қағаздары және алғыс хаттар табыс етіледі.