Отан отбасынан басталады дейді қазақ халқымыз

1-сыныптарға арналған тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Отан – отбасынан басталады» (ата-аналар мен оқушылардың бірлесе өткізетін тәрбие сағаты)

Мақсаты

  • Оқушылардың Отан және отбасы ұғымдарын қалыптастыру.
  • Танымдық ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Топтық жұмыс арқылы бір-бірінің пікірін тыңдай білуге үйрету.
  • Ата-ана мен бала арасындағы ізгі қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ету.
  • Отбасы құндылықтарын сақтауға баулу.
  • Елін, жерін құрметтейтін тұлға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру

Көрнекілігі
Өлеңдер, мақал-мәтелдер.
Қатысушылар
Ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.
Әдістері
Тренинг («Шаттық шеңбері»), сайыс, СТО әдістемесінің элементтері.

Тәрбие сағатының барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Тренинг: «Шаттық шеңбері».
  • Топқа бөліну.
  • Сөзжұмбақ шешу (тақырыпты ашу).

Орналасуы

Оқушылар үлкен шеңбер құрады, ата-аналар ішкі шеңберде тұрады.

Ортақ ереже

Бір-бірін тыңдау, сыйластық таныту, қолдау көрсету.

Оқушылар
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Тату-тәтті жүреміз.
Ата-аналар
Достық – өмір тірегі,
Достық – баршаның тілегі.
Татулық дәйім сақталса,
Қуанып соғар әр адамның жүрегі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ата-аналар, әріптестер және балалар! Бүгін біз бірлесе өткізгелі отырған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бұл кездесу еліміздің Тәуелсіздік күніне, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылып, сондай-ақ әрқайсымыздың кішкентай Отанымыз — отбасымызға арналады. Қазір оқушыларымыздың дайындаған кіріспе бөлімін тамашалаңыздар.

Тоқтар
Қазақстан — тәуелсіз ел.
Жауына табынбаған,
От болып жалындаған.
Азаттық қоныс қылған,
Елінде бақыт тұнған.
Шыңғыс
Қыраны еркін самғап,
Аспанда қалықтаған.
Желбіреп жалаулары,
Әнұраны шарықтаған.

Әнұран айту

Оқушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.

Әйгерім
1991 жылы желтоқсанның 1-інде Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Ясмин
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Әмір
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым — ол.

Санат

Президент туралы өлең оқиды.

Тәрбиелік ой-толғау

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық сөздің мәні терең. Ата-бабаларымыз ұрпақ бойына елін, жерін қорғау, бірлік пен ынтымақты сақтау, халқына қалаулы болу секілді асыл қасиеттер дарысын деп армандаған.

Қазақ қоғамында отбасы — өмірдің тұтқасы. «Оттың басы, ошақтың қасы — ырыстың ұйтқысы» деп бекер айтылмаған. Отбасының амандығы — үміттің өшпес алауы. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі — бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне өнегелі әрі ынтымақты отбасының ықпалы зор.

Отбасы ата-ана мен бала және басқа отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады. Отбасы берекелі, тату болуы үшін сыйластық, мейірім, жанашырлық, бауырмалдық әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Қазақ халқымыз «Отан — отбасынан басталады» дейді. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы да осы отбасынан бастау алады.

Ендеше «Отан — отбасынан басталады» атты тәрбие сағаты сәтті өтсін!

II. Топтық жұмыс

  • Топқа ат қою.
  • Постер жасау.
  • Постерді қорғау.

III. Сұрақтар мен тапсырмалар

Оқушылар мен ата-аналарға арналған сұрақтар: әр топқа 3 сұрақтан беріледі, жауаптар орыннан айтылады.

Тәуелсіздік және тарих

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң қашан қабылданды?

    1991 жыл, 16 желтоқсан.

  • Тәуелсіздік алуымызға қандай оқиға себеп болды? Қашан болды?

    Желтоқсан оқиғасы, 1986 жыл, 16 желтоқсан.

  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қай күн?

    1 желтоқсан.

  • Президент алғаш рет қашан ант берді?

    1991 жыл, 10 желтоқсан.

Мемлекеттік нышандар және мерекелер

  • Еліміздің мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

    1992 жыл, 7 маусым.

  • Тудың авторы кім?

    Шәкен Ниязбеков.

  • Елтаңбаның авторлары кімдер?

    Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.

  • Тілдер мерекесін қай күні тойлаймыз?

    22 қыркүйек.

  • Еліміздің Ата Заңы қашан қабылданды?

    1995 жыл, 30 тамыз.

Қосымша сұрақтар

  • 2013 жылы ұлттық валютамыздың неше жылдығы тойланды?

    20 жыл.

  • Ақмола қаласы «Астана» деп қай жылы аталды?

    1998 жыл, 6 мамыр.

  • Алматы қаласының бұрынғы атауы қандай?

    Верный.

IV. «Жоғалған сөзді тап» ойыны

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып жазыңыздар.

1-топ

  1. Туған жерге туың тік.
  2. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
  3. Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

2-топ

  1. Отан отбасынан басталады.
  2. Ел үмітін ер ақтар.
  3. Туған жерім — алтын бесігім.

3-топ

  1. Өз үйім — өлең төсегім.
  2. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
  3. Отан — оттан да ыстық.

Қорытынды дерек

Мекеме

Павлодар облысы, Качир ауданы, Қ. Оспанова атындағы №3 ЖББОМ

Сынып жетекші

Қаражанова Нұрсұлу Байназаровна